​Лавр жапырағының тұнбасы бөлме гүлдерін жайқалтып жібереді

0
1 190

Лавр жапырағы топырақты жақсы залалсыздандырады.


​Лавр жапырағының тұнбасы бөлме гүлдерін жайқалтып жібереді

Тамаққа қосатын лавр жапырағы кез келген қыз-келіншектің ас үйінен табылады. Тек көпшілік жандар тамаққа қосатын лавр жапырағын тұрмыста өзге де жағдайлар үшін пайдалануға болатынын біле бермейді.


Ұйқы

Егер балаңыздың ұйқысы мазасыз немесе тым сезімтал, болмашыға ояна беретін болса, онда бірнеше лавр жапырағын жастықтың келесі бетіне жапсырып, бекітіп қойыңыз. Мұндай процедурадан кейін баланың ұйқысы тыныш және мықты болады. Сондай-ақ, лавр жапырағы төсек жабдық үшін жақсы хошиістендіргіш бола алады.


Ауыздан шығатын жағымсыз иіс

Кейде ауызды қанша шайып, тазаласаң да жағымсыз иістің кетпей қалатыны бар. Лавр жапырағымен мәселе оп-оңай шешіліп, дем тап-таза болады. Сонымен бірге ол қызыл иек қабынуын, стоматитті басуға көмектеседі. Ол үшін жапырақты күніне екі-үш мәрте шайнап, артынан бір сағат бойы ештеңе жеп-ішпеу керек, тіпті су да.


Залалсыздандыру

Лавр жапырағымен ауру адам жатқан бөлмені залалсыздандыруға болады. Ол үшін бірнеше жапырақты ыдысқа салып, үстінен қайнап тұрған су құю керек. 20 минут тұрған соң үлкенірек ыдысқа ауыстырып құйыңыз. Ауа жаймен тазара бастайды. Сондай-ақ лавр жапырағын адыраспан секілді түтетіп шығуға болады. бұл бөлмедегі жағымсыз иісті бірден жояды.


Күйекөбелектен қорғайды

Лавр жапырағы теріден, жүннен жасалған киімдерді күйекөбелектен жақсы қорғайды. Ол үшін жапырақтың 2-3 данасын киімнің қалтасына немесе киім тұрған шкафқа қойсаңыз жеткілікті.

Егер шыбыннан қорғанғыңыз келсе, онда бірнеше лавр жапырағына ыстық су құйып, жарты сағат тұндырып қойыңыз. Осы тұнбамен терезе, есік жақтауларын сүртетін болсаңыз үйге шыбын аз кіретін болады.


Жармаға түсетін зиянкестер

Жарма ішіне зиянкес түспес үшін бірнеше лавр жапырағын салып қойыңыз.


Аяқтың терлегенін басады

Лавр жапырағы аяқтың тершеңдігін басады. Ол үшін 30 шақты лавр жапырағын қайнаған су құйып, 3 сағат тұндырып қоямыз. Кейін тазикке құйып, аяқты салу қажет. 10 минутан кейін жатып демала беруге болады. Ұйқыға жатар алдында жасаңыз.


Бөлме гүлдері жақсы өседі

Лавр жапырағы бөлме гүлдерінің өсуіне, гүлдеуіне жақсы көмектеседі. Ол үшін 4 лавр жапырағының үстіне 1 литр ыстық су құйып, бетін жауып 3-4 сағатқа қалдырамыз. Осы тұнбамен өсімдіктерді суғарып, жапырақтарын сүрту керек. Тек, тұнбаны айына 1 рет қана пайдаланған дұрыс.


Топырақты залалсыздандырады

Лавр жапырақтарын кофе ұнтақтағышта ұнтақтап, топыраққа араластыратын болса, онда ол өсімдікті көптеген аурудан сақтайды. Сонымен бірге жас көшетті үнемі қажетті элементтермен толықтырып отырады. 1 литр топыраққа 1-2 шай қасық лавр ұнтағын салу керек.



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.