​ӘЙЕЛДЕР неге күн сайын ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА түскенді қаламайды?

0
10 105

Егер 1 аптадан 1 айға дейін осылай жалғасатын болса, дәрігерге қаралған дұрыс.


​ӘЙЕЛДЕР неге күн сайын ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА түскенді қаламайды?

Еркектер сияқты емес, әйелдер интимді байланысқа жиі түскенді қаламайды. Мұны ғалымдар зерттеулерінен де білуге болады. Алайда олардың төсекке деген ынтызарлығы неліктен басылады? Мамандардың айтуынша түнгі жақындасудың ойдағыдай болуына нәзікжандылардың көңіл-күйі, жасы, серігіне деген сенімділігі бәрі-бәрі әсер ететін көрінеді.

Кей кездері жұмыстан шаршағаннан, өзіңіздің атыңызға айтылған сын-ескертпелердің әсерінен немесе күйеуіңіздің дене-бітіміңізге байланысты айтқан әзілінен сексті қаламауыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда уайымдаудың қажеті жоқ. Егер 1 аптадан 1 айға дейін осылай жалғасатын болса, дәрігерге қаралған дұрыс. Бәлкім, ағзаңызда қандай да бір өзгерістер болып жатқан шығар. Мысалы:


Психологиялық бұзылыстар

Депрессия, қатты стреске түсу, созылмалы шаршау – мұның бәрі секске деген ынтызарлықты жояды. Алайда мұны өзіңіз байқамайсыз, сезбейсіз. Дегенмен, ұйқысыздық, тәбеттің болмауы, төсекті қаламау сияқты келеңсіздіктер байқалса, психологтың көмегіне жүгінген жөн.


Дәрі қабылдау


Қан қысымын түсіретін, ұстамалы ауруларға қарсы дәрілерді қабылдап жүрген болсаңыз, сүйіктіңізге деген сезіміңіз уақытша сөнеді. Сол себепті де дәрілерді қабылдау барысында оның кері әсерін де біліп алған артықтық етпейді. Қандай да бір дәрінің секске теріс әсері жазылған болса, оны басқа препаратпен алмастыруға болады.

Ал, бала көтертпейтін дәрілерді қабылдағаннан жыныстық қатынасқа деген ынтызарлық жойылады деген жел сөз дейді мамандар. Американ ғалымдары ондай таблеткалар сіздің ләззатқа бөленуіңізге кедергі келтірмейтінін дәлелдеген болатын.


Созылмалы ұйқының қанбауы

Әйелдер таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеп, одан қала берді кешке үйдің тірлігінен қолы тимей төсекті ойлауға да шамасы болмайды. Ұйқыға кеш жатып, таңертең ерте тұрғаннан кейін созылмалы ұйқының қанбауына шалдығады екен. Ұйқының қанбауы ағзада көптеген өзгерістерге әкеп соқтыруы мүмкін. Бірінші кезекте гормоналды тепе-теңдікте бұзылыстар болады. Жоғарыда айтқанымыздай созылмалы ұйқының қанбауына шалдықсаңыз, тез арада оны ретке келтіру керек. Ең алдамен төсекке ерте жатып, демалудан бастайсыз. Содан кейін серігіңіздің де сізден көңілі қалмайтын болады.


Қарым-қатынастағы түсініспеушіліктің әсері


Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әйелдердегі жыныстық қатынасқа деген ынтызарлықтың болмауы 80 пайыз психологиялық жағдайлардан туындайды екен. Ал, ар-қатынастың бұзылуына қандай жағдай әсер етеді? Әйелдер көбіне күйеуі жұмыстан кешігіп келсе, телефонына бөтен нөмірмен хабарласса немесе іс-әрекетінен өзгерісті байқаса, бірден оның көңілі басқада деген ойда болады. Сөйтіп өз ойымен өзі арпалысып, күйеуін жақтырмай, қаламай жүреді.

Қарым-қатынасты жақсарты үшін керісінше серігіңізбен сөйлесіп, ашық әңгімелесеңіз. Сонда ғана мәселе шешімін табады, сіздің де көңіл-күйіңіз жайланып, арадағы «мұз» ертерек ериді.


Жүктілік

Кейде жүктіліктің жыныстық қатынасқа деген ынтызарлықты күшейтетін, бірақ көп ретте түсіретін әсері бар. Әйел ағзасы бала көтеріп жүргенде, емізгенде төсекті емес, сәбиінің жағдайына алаңдайды. Бұл да табиғаттың заңдылығы. Ер-азаматтарға 1-2 жыл әйелінің осындай жағдайына көндігуге тура келеді. Содан соң барлығы да қалпына келеді дейді мамандар.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арықтауға ерік-жігері жетпей жүргендерге мына нәрселер жақсы көмектеседі


Қыста семірмеудің ерекше 8 амалы