Бала жыныстық қатынастың үстінен түссе... НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

0
9 119

Ерлі-зайыптылар үшін бұл өте қиын жағдай.


Бала жыныстық қатынастың үстінен түссе... НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Бұрындары газет-журналдардан екеудің арасындағы ашық әңгімелер жайлы оқып не суретін көріп қалатын болсақ, қызарақтап, ұялып, бетімізді басып қалатын едік. Қазіргідей дамыған заманда балалардан ештеңені жасырып қала алмайсың. Үлкендер жағы айтпағанмен түрлі сайттар мен ғаламтор желілерінде төсек жайлы ақпарат та, қызықты мәліметтер де көп.

Ал төсек қатынасы кезіндегі бала тыныштығы жайлы әңгіме бір бөлек. Жұбайлар арасындағы бұл бір нәзік байланысты ешкімнің сезбегені әрі көрмегені абзал емес пе?! «Жыныстық қатынас кезінде балам оянып кетіпті. Екеумізді көріп қойды» деген жағдайлар жиі кездесіп жатады. Әрине, қай ата-ана болсын, сәбиінің мұндай әрекеттің үстінен түскенін қаламайтыны рас. Сол себепті де олардың бірінші кезекте сәбиінің тыныштығын ойлағаны дұрыс. Ер адамдарға қарағанда нәзікжандылардың сезімтал әрі сергек келетінін ойласақ, осы ретте әйелдердің сабырлылығы мен ақылдылығы қажет. Себебі еркектердің нәпсісі оянғанда баланың ұйықтаған-ұйықтамағанын ойлап жатпайды.


Жыныстық қатынастан бұрын...

Ерлі-зайыптылар төсек қатынасынан ләззат алып, рахатқа бөленгісі келсе, тек өздерін ғана ойлағандары жеткіліксіз болады. Олар жыныстық қатынасты ойламас бұрын мына кеңестерді орындағандары дұрыс:

  • Ең алдымен кешкілік дастарханды жайып, күйеуіңіз бен балаларыңыздың қарнын тойдырыңыз. Олардың жақсылап, тоя тамақтанғанын қадағалаңыз.
  • Балаларыңызды төсекке жатқызып, ұйықтатуға тырысыңыз. Әсіресе жасы үлкендерінің қатты ұйқыға кеткенін күтуге тура келеді.
  • Жасы кіші балаларыңыздың қарны тоқ әрі қуығы бос болуы қажет. Сондықтан да ұйқыға жатарда кіші дәретін сындырып жатқанын қадағалау керек. Сонда сәбилер де тыныш ұйықтайды.
  • Тіпті, балалар қорқып қалмасын десеңіз, кіші шамды (светиьлник) жағып қоюыңызға болады.
  • Жатын бөлменің есігін кілттеп, жатқан жөн. Себебі кішкентайлардың ұйқысы сергек болады. Олардың түнгі мезгілде кез келген уақытта оянып, тұрып кетулері мүмкін.
  • Жасы үштен асқан баланы барынша бөлек бөлмеге жатқызуға тырысыңыз. Сонда өзіңіз де емін-еркін, ләззатқа беріле аласыз. Жыныстық қатынас кезінде әйелдердің жаны жай тауып, көңілі орнында тұрса, босаңсуы да, сезімге берілуі де оңай болады. Ал, керісінше басқа нәрселерді ойлап, мазасы қашып тұратын болса, еркектің де, әйелдің де тояттауы қиынға соғады.

Міне, жоғарыда келтірілген кеңестерді мұқият орындап, өз сезімдеріңізді шыңдай түсіңіздер!


Балаңыз сол көріністің үстінен түссе...


Сәбиіңіздің жасы 2-3-тер шамасында болса, ондай баланы алдаусырату қиын емес. Бірақ та ең бастысы байбалам салып, дүрлігудің қажеті жоқ. Мұндайда ата-анаға сабырлылықты сақтап, тез арада қарапайым ғана жауап дайындаса болғаны. Әйтпесе бала бұл жағдайға қатты қызығушылық танытып, түрлі сұрақтар қоя бастайды. Оның орнына әкесінің анасына массаж жасап жатқанын айтып, көңілін басқа жаққа бұру керек. Сол сәтте баланың көзінше асығыс киінуге болмайды. Керісінше балаңызды су әкелуге немесе ойыншығын көріп келуге жұмсап жіберген дұрыс. Кішкентай сәби осы сөзге алданып, басқа бөлмеге қарай аяңдайды. Ал, сіздер ол келгенше киініп үлгересіздер. Келесі күні өте сақ болыңыздар!

Ал, жасы 4-5, 7-лер жамасындағы балалар интимді байланысқа куә болса, өзіңізді ұстауға тырысыңыз. Қараңғы бөлмеде оның көп нәрсені көрмеуі, ұйқылы ояу болса ештеңені байқамауы да мүмкін. Сондықтан да барынша сабырлы болып,балаға ұрсудың, айқайлаудың қажеті жоқ. Оның өз бөлмесіне барғанын қалайтыныңызды білдіріңіз. Сосын балаңыздың қасына барып, оған көргенін ұмытуға көмектесіңіз. Ертегі оқып беруге, қандай да бір әңгіме айтуға болады.


Жалпы бала өскен сайын оның санасы қалыптасып, дами береді. Ата-аналарға барлық уақытта сақтық шараларын сақтап, балалардың әлгіндей жағдайға куә болмағанын қадағалаған дұрыс. Ол үшін тәжірибелі ерлі-зайыптылар мына әдістерді қолдануға кеңес береді:

  1. Жатын бөлме есігін ішінен кілттеп алуды ұмытпаңыз;
  2. Балаңызға үлкендердің бөлмесіне кірерде есікті қағып кіру керектігін үйретіңіз;
  3. Егер балаңызюбен бір бөлмеде ұйықтайтын болсаңыз, екі ортаға перде немесе жұқа мата ілу керектігін ұмытпау керек;
  4. Төсек қатынасы кезінде қатты дауыс шығарудан сақ болыңыз.
  5. Осы айтылған әдістерді орындайтын болсаңыз, балаға психологиялық тұрғыда ауырлық түсіретін келеңсіз жағдайдың алдын алатын боласыз.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


АЛМА ҚОЗДЫРАДЫ - жыныстық қатынас туралы 15 ФАКТ

Еркектер ТӨСЕКТЕ ПӘК ҚЫЗДАРДАН ҚОРҚАДЫ