ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСПЕН «ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН» айналысуға болмайды
Төсек қатынасының да шеше алмайтын мәселелері бар.
Иә, жыныстық қатынастың болғаны, оның тұрақтылығы дұрыс. Бірақ «ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН» жыныстық қатынаспен айналысу – тікелей мағынада дұрыс емес. Оның мүлде шеше алмайтын, пайдасына қарағанда зияны басым жақтары жетерлік.
Жыныстық қатынас беттегі БӨРТПЕні кетірмейді
Ел арасында «хочунчик» аталып кеткен бөртпе теріасты майының көбейіп кетуінен пайда болады. Ал оған андроген гормонының көбейіп кетуі себеп.
Демек, жасы 30-дан асқан адамның бетіне бөртпе шықса, оған жыныстық қатынас емес, жақсы эндокринолог маман қажет.
ЕРКЕКТІҢ ШАУҺАТЫ бет терісінің аллергиясын тудыруы мүмкін
Жыныстық қатынас кезінде бөлінетін шауһатты көбіне керемет жасартатын-ылғалдандыратын қасиеті бар деп санайды. Әсіресе, әйелдерге көп ұсынылады.
Анығында еркектің шауһатынан жасарып кеткендерден гөрі аллергиялық дерматитке шалдыққандар саны басым көрінеді.
Жыныстық қатынас АЗДЫРМАЙДЫ
Бұл да ең көп тараған пікір – жыныстық қатынасты әдетте тамаша жаттығу санайды. Бірақ тән тоятын аларда еркек пен әйел әдетте тек бір-екі ғана өздеріне жайлы, шаршап қалмайтын қалыпты таңдаса, одан ешқандай сымбатты сақтайтын нәтиже бола қоймас. Ол үшін жыныстық қатынасты жиілетіп және «позаны» ауыстырса мүмкін шығар?!
Иә, жыныстық қатынастан адам семіріп-толысып кетпейді. Бірақ одан артық салмақ тастайды деп ойлау да қате.
СТРЕСС
Жыныстық қатынас адамның стреске түсіп кетпеуінің алдын алатын болар. Бірақ егер ол стресте болса, онда оған төсек ләззатының көмектесе қоюы екіталай.
Мамандардың зерттеуінше, стресте жүргендердің 80-90%-ының жыныстық қатынасқа тәбеті болмайды екен. Тек өте аз бөлігінің төсекке деген құмарлығы болуы мүмкін. Егер стерсте жүріп тән тоятына тағы сезіне алмаса, онда жағдайы тіптен нашарлауы да мүмкін екенін айтады мамандар.
Түрлі дереккөзден жинақтаған: Ж.Байтұрым,
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:
ЕРКЕКТІ ҚИНАУҒА БОЛМАЙДЫ - жыныстық қатынаста БҰҒАН мән беру керек