​Бойдақтарға кеңес: Сексуалдық жағынан үйлесімді адамды табу үшін...

0
7 080

Қыз бен жігіт бір-бірімен кездеседі, ғашық болады, үйленеді. Бірақ...


​Бойдақтарға кеңес: Сексуалдық жағынан үйлесімді адамды табу үшін...

Соңғы уақытта ажырасудың көбейіп кеткенін білеміз. Зерттеулерге сенетін болсақ, оған көбіне еркек пен әйелдің сексуалдық тұрғыда үйлесімсіздігі, материладық, психологиялық жағдайлар себеп болады екен. Соның ішінде сексуалдық сәйкессіздікке ұшырайтындар саны көп көрінеді. Осы тұрғыда қалай ғана қателеспеуге болады? Сексологтар не дейді?

Сексуалдық үйлесімділікті білу үшін сексологтар ұсынған негізгі 6 факторға тоқталатын боламыз. Әсіресе адамның қандай қасиеттеріне, әдеттеріне көңіл аудару керектігін, болашақ жар таңдауда ненің маңызды екенін айтамыз.


1. Физикалық фактор

Бұл адамның сырт келбеті, дауысы, иісі, қимыл-қозғалысы мен көзқарасы. Өмірде бір көргеннен ғашық болып, үйленіп кететіндер бар. Яғни, олар бір-бірінің көзіне бір қарағаннан-ақ өздерінің қаншалықты сәйкесетінін түсінеді. Сол секілді ұнататын адаммен кездескенде оның физикалық факторына мән беру керек. Сонымен қатар, оның бойында сізді қызықтыратын қандай да бір тартылыстың болғаны дұрыс. Бірақ та ұзақ уақыт бойы бірге тұру үшін бір ғана фактор жеткіліксіз.


2. Материладық фактор

Материалдық факторға – оның қаржылай жағдайы емес, ол адамның ақшаға көзқарасы кіреді. Әр отбасының бала тәрбиелеуде, қаражатты жұмсауда ұстанатын өзіндік қағидалары болады. Мысалы, бір үйде қаржылық билікті еркегі билесе, енді бір отбасында әйелі билейтіні даусыз. Бұл жағдайлар басқа да отбасы мүшелеріне әсер етеді. Егер еркек ақша жұмсауды білмесе, өзіне де, өзгеге де бейберекет тапқан ақшасын жаратуға рұқсат бермеуі мүмкін. Сіз бұған шыдай аласыз ба? Яғни, қыз бен жігіт осы мәселеде біраз әңгімелесіп, ой бөлісулері керек. Сонда екеуі де қаншалықты үйлесімділік табатынын аңғара алады.


3. Мәдени фактор


Аталмыш фактор екі адамның интеллектуалдық-мәдени тұрғыда үйлесімділігін білдіреді. Білім мен білік, өнер мен әдебиет тақырыптарында әңгіме өрбіте алуы керек. Екеуінің арасындағы әңгіме таусылмай, жаңалықтармен бөлісіп, бір-бірінің сөзін жалғап, өрбітіп әкетсе, міне үйлесімділік деген осы емес пе?!

Ал, мұндай үйлесімділік болмаса, екеуінің бірі айтқан сөздерінен қысылып, тартынатын болады. Өзін қасындағы адамға тең көрмей, білімсіздігінен немесе ешбір жаңалықтан хабары жоқтығынан, тіпті, сөзге шорқақтығынан да қысылып-қымтырылуы ғажап емес. Кей жағдайларда адамның талпынысынан бұл екі жас жақсы өмір сүріп кетуі мүмкін екен. Алайда, білімін жетілдіріп, ой-өрісін дамытпаса олар үйлесім таппайды.


4. Сексуалдық фактор

Болашақ жарыңыздың сексуалдық жағынан белсенді болғанын қаласаңыз, оның денсаулығына мән беріңіз. Бұдан бөлек, қызға көңілін білдіргені, оған қылмыңдауы қандай екенін де білу маңызды. Өйткені қыздың көңілін табу, оның соңынан жүгіру кезіндегі әрекеттері ер азаматтың сексуалдық тұрғыда қандай боларын аңғартады. Егер өмірлік жолдасыңыздың сізбен сексуалдық жағынан үйлесім тапқанын қаласаңыз, сексуалдық факторға ерекше көңіл аударыңыз.


5. Психологиялық фактор

Әрбір адамның психологиялық саулығы ерекше атап өтетін нәрсе. Осы фактор арқылы оның мінезін, жан-дүниесінің қандай екенін, басқа да қырларын білуге болады. Егер екі адам психологиялық жағынан сәйкес келетін болса, оларға екеуден-екеу қалып оңашаланған, үнсіз отырып қол ұстасқан, бірге ой құшағына шомылған ұнайды. Ал, керісінше болған жағдайда олар бір-бірінен алыстауға тырысады. Ол адаммен жеке қалғысы келмейді. Міне, бұл психологиялық байланыстың жоқтығы.

Мысалы, мына тестті пайдаланып көруге болады. Шетел болгері Тим Урбан ұсынған тест «көліктегі тест» деп аталады. Оның айтуы бойынша сіз кешкілік отырыстан кейін сүйіктіңізбен бір көлікпен қайттыңыз. Онымен уақытты бірге өткізгіңіз келсе, машинаның кептелісте тұрып қалғанын немесе көліктің жай қозғалғанын тілеп отырасыз. Алайда сіздің ішкі сезімдеріңіз бұлай туламаса, ертерек қайтуды қаласа, бұл адаммен ара-қатынасты ары қарай жалғастыруға негіз жоқ.


6. Ортақ құндылықтар факторы

Екі жанның бір шаңырақ астында бірге тіл табысып тұруы үшін олардың ортақ құндылықтары болуы керек. Айталық, әңгіме барысында сіз 2 ұл, 2 қызыңыздың болғанын қалайтыныңызды тілге тиек еттіңіз. Бұл ойыңызды сүйіктіңіз қолдап әкетсе жақсы. Бірақ, сіз көп балалы болғанды қалап, жігітіңіздің ойы керісінше болса, мұндай байланысты осы жерден үзген дұрыс. Ортақ құндылықтардың да отбасының берік болуына тигізер ықпалы мол.

Дайындаған: Жайна ТЫНЫШБЕК,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ТӨСЕКТЕ басқа нәрсені ойламаудың 5 амалы


ЕРКЕКТЕРДІ әйелдің қандай ҚЫЛЫҚТАРЫ қоздырады?