Еркектің көзге шөп салып жүргенінен хабар беретін 7 белгі

0
5 395

Еркектің бұрын-соңды жасамаған әрекеттері – көзге шөп салудың айқын айғағы.


Еркектің көзге шөп салып жүргенінен хабар беретін 7 белгі

«Кез келген еркек әйелінің көзіне шөп салады» деген пікірмен қосыласыз ба? Адамдар арасында осындай сөз жиі айтылады. Бұл пікірдің қаншалықты рас екенін ешкім дөп басып айта алмайды. Бірақ мынадай іс-әрекеттері арқылы еркектердің басқа әйелмен әуей болып жүрген-жүрмегенін аңғаруға болады.


Ұмытшақтық пен шаршау

Ол бұрынғыдай емес, сіздер үшін маңызды күндерді ұмытып кетеді. Мысалы: үйленген күндеріңізді немесе танысқан кездегі айтқан сөздерін. Тіпті, сіздің туған күніңізді де әлеуметтік желілер арқылы біліп, ең соңынан құттықтауы ғажап емес. Сондай-ақ, неке жүзігін тағуды да ұмыт қалдырып, мұны әдетке айналдырады. Кейде қалтасына салып жүргенін байқап қалуыңыз да мүмкін. Үнемі шаршаңқы екенін айтып, мазасызданып жүреді.

Ең басты нәрсе – оның сізбен төсектес болуға ықыласы жоғалады. Секс болған күннің өзінде, жылулық, сізге деген мейірім, жылы сөз болмайды. Бұрын жиі-жиі болатын төсек қатынасының арасы ұзарып, кейде жақындаспаудың сан түрлі сылтауын табады.


Әдеттегіден тыс әрекеттер жасай бастайды

Еркектің бұрын-соңды жасамаған әрекеттері – көзге шөп салудың айқын айғағы. Ол өзін кінәлі сезіне бастағанда сізге ерекше қамқорлық танытып, асты-үстіңізге түсуге тырысады. Ішінен тынып, барлығын жасырғысы келсе де, кейде ол тым ойшыл болып кетуімен өзінің өзгеріп жүргенін білдіріп қояды. Кей еркектер керісінше өте ашушаң, ызақор болып кетеді. Бұрын ұрыс-керіс болған жағдайда бірінші кешірім сұрап, алғашқы қадамды ол жасайтын болса, басқа әйелге қызығушылығы оянғанда мәмілеге келуді ойына да алмайды. Ұзақ уақыт бойы қырын қарап, ренжіген кейіп танытады.


Жасыратыны көп

Бұрын ол смартфонына, электронды поштасына, тіпті карточкаларына да пароль қоймай, пароль қойған күннің өзінде оны жасырмай, ашық ұстаса, енді жасыратыны көбейіп, барлығын бұғаттап қоятынды шығарады.

Ұялы телефонын ешкімге ұстатпайды. Қолынан тастамайды деуге де болады. Әжетханаға кірерде де телефонын қалтасына салып жүретін әдеттер пайда болғанын байқайсыз.

Ол мұның бәрін неліктен жасап жүргенін сізге түсіндіріп жатпайды. Бүрыннан солай жүрген адамдай кейіп танытады.


Әзілді түсінбейді

Күйеуіңіз бұған дейін сізбен әзілдесіп, арасында анекдот айтып көңіліңізді көтерген болса, бұдан былай ол мұндай әзілдерді түсінбейді. Ойға шомып, кінәлі адамдай жүреді.


Төсекте де өзгеруі мүмкін

Ол өзінің басқа әйелге барып жүргенін төсектегі түрленген әрекеттерімен де білдіріп қояды екен. Сіздің үйреншікті қылықтарыңызға ұнатпаған кейіп танытып, мүлде теріс қарап жатып қалуы ғажап емес. Таңертең ұйқыдан тұрғанда сізді бұрынғыдай құшақтап, сүмейтін болады.

Денесінен әйелдің иіс суының иісі шығып тұрады

Осы иісті білдірмеу үшін ол жұмыстан немесе сырттан келе сала душқа түсуге асығады. Ал, сезімтал әйелдер бұл иісті күйеуі үйге кірген кезде-ақ сезіп қоятынын олар білмейді.


Автокөлігіне өзгерістер енгізеді

Көлігінің түсін жаңартып, оны қайта-қайта жуа беруден жалықпайды. Машинаның сіз отыратын алдыңғы орындығы алға немесе артқа жылжыған болады. Сондай-ақ, күйеуіңіздің машинасынан сізге таныс емес заттар да табылып қалуы әбден мүмкін.

Күйеуіңіз автокөлігін өзгертіп қана қоймай, өзінің де киім кию стилін өзгертіп, үнемі таранып, сыланып-сипанып жүретінді шығарады.


Қызғаншақтығы артады

Аяқ астынан қызғанышы оянып, ұрыс шығарудың амалын іздейді. Сіздің ұялы телефоныңызға келген әрбір смс-ті оқып, жаңа нөмірлерді қадағалап отырады. Бірақ өзі кешкілік жұмыстан кейін үйге уақытылы қайтпайды. Сәл ғана кешігетінін айтып ескертіп қояды.

Ақылды әйел жолдасының әрбір әрекетін бағып, оның өзгергенін сол мезетте білуі керек. Ең бастысы мұндайда ашуға берілмей, болашақты ойлаған абзал.

Дайындаған: Жайна ТЫНЫШБЕК,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Босанғаннан кейін күйеуіңіздің ҚАЛАҒАНЫН беріп жүрсіз бе?


Бойдақтарға кеңес: Сексуалдық жағынан үйлесімді адамды табу үшін...