​МЕНОПАУЗА кезіндегі жыныстық қатынас: бұл ДҰРЫС ЕМЕС!

0
14 476

Осы сөзден тіпті, еркектер де «қорқатын» көрінеді.


​МЕНОПАУЗА кезіндегі жыныстық қатынас: бұл ДҰРЫС ЕМЕС!

Халық арасында «жас келген сайын жұбайлар арасындағы жыныстық қатынас бәсеңдей береді, құмарлық та бәсеңдейді» деген пікір қалыптасқан. Сонымен қатар, менопаузамен бірге әйелдердегі сексуалдық қарым-қатынас та тоқтайды деп сенеді көбісі.


Бірақ, мүлде олай емес. Экперттердің пікірінше, бүгінде 50 жастан асқан соң да төсек ләззатын тұрақты сезініп тұруға болады.


Әсіресе, көпшілік әйелді «климакс» сөзі үрейлендіреді. Осы сөзден тіпті, еркектер де «қорқатын» көрінеді.


Ал эндокринологтардың, геронтолог (геронтология – адамның психологиялық, биологиялық және әлеуметтік қартаю аспектілерін және оның себептерімен күресуді зерттейтін ғылым) және гинекологтардың пікірінше, менопауза жыныстықтық қатынасқа мүлде әсер етпейді.


1.МЕНОПАУЗА кезіндегі ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС әйелдің ДЕНСАУЛЫҒЫН жақсартады

Климакс – жыныстық қатынасқа түспей қоюға себеп емес. Керісінше, менопауза кезінде жыныстық қатынаспен жиі айналысып тұру – ең жақсы «дәрі». Қанайналымды реттеп, әйелдің психологиялық жағдайын жақсартады.

Тіпті, бұл уақытта бүткіл аурулар қозып, созылмалы дерттер бас көтерген жағдайда жа жыныстық қатынастан бас тартпауға кеңес береді дәргерлер.

Менопаузаны «екінші жастық шақ» деп қабылдаған жандарда қиындықсыз өтеді. Расында, төсектегі тән жақындығына келгенде де оң өзгерістер болады.


ӨЗІҢІЗ ДЕ ОЙЛАП ҚАРАҢЫЗШЫ! Балалар өсті, бәрі өз беттерінше өмір сүре алады, жатын бөлмеде кедергі келтіретін ешкі жоқ, жүкті болып қалу да қаупі жоқ, жұмыс та, басқасы да маңызды емес, тек өзіңізді ғана ойлайтын жасқа жеткен жоқсыз ба? Ендеше, оттай лаулауға не кедергі?!

БІРАҚ, көпшілік әйелдер тап осы уақытта ЕРТЕ «солып» қалады. Басты қателік осы...


Бұл кезде әйелдің ағзасында тестостерон гормонына қарағанда эстроген жылдам төмендейді. Ал әйелдік сексуалдылығына тестостерон жауап береді. Демек, тестостерон орнында, қалпында тұрса, неге жыныстық қатынастан бас тарту керек?

Құмарлық та жойылып кетпейді, керісінше, климакс уақытында әйелдердің тән қалауы арта түседі.


2.ОРГАЗМДЫ да бұрынғыдай сезіне алады

Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, жастарға қарағанда менопаузадан кейінгі жастағы жұптар жыныстық қатынаспен жиі айналысады екен. Ал оргазмды сезіну қабілеті адамның қай жасында болсын, ешқашан төмендемейді. Яғни, 85 жаста болса да, әйел оргазмды сезіне алады.

Соңғы зерттеу нәтижелері жыныстық қатынастың әйел мен еркектің өмір жасын ұзартып, миының ерте қартаюына кедергі келтіретінін көрсеткен.

Демек, менопауза кезінде жыныстық қатынаспен кемінде апасына екі рет айналысып тұрғаныңыз жөн. Әрине, ерте қартайып кеткіңіз келмесе...


3.Менопауза кезінде СЕКСУАЛДЫҚ қатынас жақсара түседі

Климакстың әсерінен болатын жағымсыз жағдайлардан әйелдер гормоналды препараттар арқылы құтылғысы келеді. Оған қарағанда интимді жаттығулардың әлдеқайда көмегі жақсы екенін айтады мамандар.

Иә, интим жаттығуларының мұнан басқа да пайдасы жеткілікті екенін жиі айтады мамандар.


Жинақтаған: Ж.БАЙТҰРЫМ,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА түспей-ақ ОРГАЗМ алуға БОЛАДЫ


ЕРКЕКТЕР қандай ӘЙЕЛДІ төсекте «БӨРЕНЕ» санайды?