​Шариғат бойынша ОСЫ КҮНДЕРІ жыныстық қатынасқа түсуге БОЛМАЙДЫ

0
31 700

Төсек қатынасы туралы ең көп қойылатын 4 СҰРАҚТЫҢ жауабы


​Шариғат бойынша ОСЫ КҮНДЕРІ жыныстық қатынасқа түсуге БОЛМАЙДЫ


ЖҮНІП деген не?

Жүніп - ғұсыл алуы қажетті адам. Жүнiптiк, еркекпен әйелде жыныстық қатынас және ихтилам (поллюция, ұйқыда жүніп болу) арқылы немесе басқа да жолмен мәни (сперма) бөлініп сыртқа шыққанда болады. Ғұсыл алғанда (яғни шомылғанда) жүніптіктен құтылады.

Аяти кәримада былай делінген: «Егер жүніп болсаңдар (жуыну, ғұсыл алу арқылы) тазаланыңдар...» (Маида сүресі 6)

«Жүніп болған кезде дереу ғұсыл алыңдар. Өйткені, кирамен катибин (екі иықтағы) періштелері жүніп адамнан жиіркенеді.» (Хадис шәриф – Әййуһәл уәләд)


«Жанды нәрсенің суреті, ит және жүніп болған бөлмеге рахмет періштелері кірмейді.» (Хадис шәриф – Нәсаи)


«Намаз оқитын және оқымайтын адам бір намаз уақытын жүніп халде өткізсе, өте ауыр азап тартады.» (Хадис шәриф – Ибн Хажар Мәкки)


«Жүніп және хайзды кезде мешітке кіру, тіпті мешіттің ішінен өту, Құран кәрім оқу, Құран кәрімді ұстау, Қағба муаззаманы тауаф ету харам.» (Хадис шәриф – Ибн Абидин)


Бір адам жүніп болса да, ғұсыл алмай бір намаз уақытын өткізсе, ол адамға оттан көйлек кидіріледі. (Имам Ғазали)


Жүніп болған әрбір әйелмен еркектің және хайз, нифастан арылған әйелдердің намаз уақыты соңына қарай сол намазды оқитындай уақыт қалғанда, ғұсыл алуы парыз болады. (Ибн Абидин)


ӘЙЕЛГЕ қай кезде және қалай ЖАҚЫНДАМАУ керек?

1. Әйелдің етеккірі кезінде және балалы болған соң қырық күн келетін қаннан арылмайынша жақындаспау.

Құран Кәрімде Алла Тағала: «Ей, Мұхаммед, сенен етеккір туралы сұрайды. Оларға: «Етеккір зиянды. Ол мезгілде әйелдеріңнен аулақ болыңдар. Етеккірден арылғанға дейін жақындамаңдар. Пәк болған кезде Алла өздеріңе бұйырған жерінен жақындаңдар», – де. Ақиқатында Алла тәубе етушілерді ұнатады әрі арамнан, нәжістен пәк адамдарды жақсы көреді», (Бақара сүресі, 222-аят) – дейді.


2. Артқы жолдан жақындаспау.

Себебі Құранда Алла Тағала: «Өздеріңе бұйырған жерінен жақындаңдар», – дейді. Пайғамбарымыз: «Әйеліне артқы жолдан жақындағанға Алланың лағнеті жауады», – дейді.


ҚАНДАЙ жағдайлар ХАРАМ саналады?

Әйелімен жыныстық қатынаста болған жағдайларды, араларындағы сырды өзгеге айтпау, жаймау. Бұл да – харам.

Алла Елшісі: «Ақиқатында, Қиямет күні Алланың алдында аманатқа жасалған ең үлкен қиянаттың бірі — ерлі-зайыптының жыныстық қатынасқа түскеннен кейін араларындағы сырды басқа біреулерге жаюлары», – дейді.


ҚАЙ КҮНІ және ҚАЙ УАҚЫТТА жыныстық қатынасқа түспеу қажет?

Кейбір әдеп кітаптарында жыныстық қатынасқа түсу уақыттары да жазылған. Яғни ғалымдардың кеңес ететін күндері: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма түндері және түске дейінгі уақыт.


Ал кеңес етпейтін уақыттар:

  • Жексенбі және сәрсенбі күнінің түндері.
  • Мұсылманша күнтізбе бойынша айдың бірінші, он бесінші және соңғы түндері.
  • Рамазан және Құрбан айт мерекелерінің түндерінде.
  • Барат түні.
  • Жолға шығардың алдындағы түнде.
  • Күндіз түстен кейін.

Әрине, жыныстық қатынасқа түсу уақыттары бұл міндетті емес, тек адам бұл кеңестерден зиян көрмейді, керісінше, пайдасы болмаса.

Бұл жерде көп сұралатын бір сұраққа тоқталып өтсек, қандай да бір күннің түні деген — ол сол күннің алдыңғы түні. Мәселен, жұма түні десе, бейсенбіден жұмаға қараған түн деген сөз.

Міне, жоғарыдағы тыйымдардан басқаға Ислам діні рұқсат береді. Қалай жақындасса да ерлі-зайыптылардың өз еркі.

Себебі Құран Кәрімде: «Әйелдер сендердің егіндіктерің (ұрық себетін орын). Егіндіктеріңе қалағандарыңша келіңдер», – дейді (Бақара сүресі, 223-аят).


Түрлі дереккөздерден жинақтап, дайындаған: Ж.БАЙТҰРЫМ,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА түсудің МҰСЫЛМАНША 6 ЕРЕЖЕСІ бар


МЕНОПАУЗА кезіндегі жыныстық қатынас: бұл ДҰРЫС ЕМЕС!


ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА түспей-ақ ОРГАЗМ алуға БОЛАДЫ