ШӘУЕТІН уақытынан БҰРЫН шығарып қоятындар СЕКСОЛОГҚА баруы керек

0
4 431

Сексологқа тек шәуетін уақытынан бұрын шығарып қоятындар емес, сонымен бірге шығара алмай қиналатындар да бару керектігін естеріңізге саламыз.


ШӘУЕТІН уақытынан БҰРЫН шығарып қоятындар СЕКСОЛОГҚА баруы керек

Сексологиялық проблемалар кез келген еркек пен әйелдің басында бар жағдай. Бірақ көпшілігі ар-ұятты, намысты алға қойып, аталмыш мәселе туындап жатса, оны жабулы қазан жабулы күйінде қалдыруға тырысады. Алайда отбасының тыныштығы ерлі-зайыптылар арасындағы нәзік сезім мен қарым-қатынасқа байланысты екенін мойындағымыз келмейді. Сондықтан да білгісі келетіндер үшін, қандай кезде сексологтың көмегіне жүгінуге болады деген сұраққа жауап іздеп көрейік.


Сексолог дәрігер ерлі зайыптылар арасындағы жыныстық қатынасқа байланысты туындаған мәселелерді шешуге, белсіздік пен жыныс мүшелерінің қызметін реттеуге көмектесіп, тиісті ем-домын жасайды.


Сонымен қатар, сексолог маманға мынадай жағдайларда баруға кеңес береміз:

Әйел болсын, ер адам болсын өз дене мүшесіне көңілі толмағанда ыңғайсызданып, басқа жанның алдында қысылады. Мысалы, әйелдердің өзін жайсыз сезінуіне көкірегінің кішкентайлығы себеп болса, еркектер де жыныс мүшесінің кішілігінен қысылуы әбден мүмкін. Мұндай жандар жыныстық қарым-қатынаста айтарлықтай босаңсып, өзін еркін ұстай алмайды. Сол себепті де өзіне қажетті ләззатты ала алмауы ғажап емес. Кейбіреулер сырт келбетінің келіссіз жаратылғанына налып, екеуара қарым-қатынас жасаудан қашқақтауы мүмкін.

Міне, осындай жағдай сіздің басыңыздан өтіп жатқан болса сексолог немесе сексопотолог дәрігердің қабылдауына жазылғаныңыз мақұл.


Екінші мәселе – дисгармония. Дисгармония дегеніміз екі адамның бір-біріне үйлесімсіздігі. Қыз бен жігіт бір көргеннен бір-бірін ұнатып, "ғашықпыз, бір-бірмізді шын сүйеміз" деп ойлайды. Бірақ отбасын құрып, шынайы жақындасқаннан кейін олар сексуалдық жағынан мүлде үйлеспейтіндерін түсінеді. Басында тұрмысқа жаңа шыққан келіншек оргазмның не екенін, қалай дұрыс ләззаттануға болатынын білмейді. Тәжірибе жинай келе, бәрі де қалыпқа келуі әбден мүмкін. Кей жағдайларда әйелдерде кешігіңкіреп келетін тояттану болады дейді мамандар.

Оргазм ала алмаудың екінші себебі де бар. Психологиялық травма алғанда көбіне әйелдер сексті қаламайтын көрінеді. Мысалы, алғашқы жақындасу кезінде әйелге зорлық-зомбылық көрсетілсе, жүкті немесе емізулі әйелдердегі гормондық өзгерістер болса, рухани соққы алғанда да әйелдің басынан осындай жағдай өтеді екен. Сонымен қатар, отбасындағы қатал тәртіп, діни тыйымдар, ер адамға сенбеуді де нәзікжандылардың тояттана алмауының себебі деуге болады.


Ер-азаматтар да сексологтың көмегіне жүгінеді. Олардың басты мәселесі – шәуетті уақытынан бұрын шығарып қою. Сексологтар бұған бірден бір себеп ағзадағы гормондық өзгерістер, тестостерон гормонының азаюы, жалпы денсаулыққа байланысты дейді. Және де бұл жағдай бір рет емес, бірнеше рет қайталануы да ғажап емес.


Сексологқа тек шәуетін уақытынан бұрын шығарып қоятындар емес, сонымен бірге шығара алмай қиналатындар да баратынын естеріңізге саламыз. Бұл мәселемен әсіресе ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынасқа түспеген еркектер бетпе-бет келетін көрінеді. Шәуетті шығару үшін оларға өз-өзін қоздыруға немесе әйеліне, сүйіктісіне көмектесуін өтінуіне болады. Бұдан бөлек, порнографиялық суреттер мен фильмдерді көрсе, өз-өзінен мәселенің шешілуі де мүмкін. Ендеше кімде-кім осындай жағдайға тап болған болса, жан-жақты ойланып, сексолог дәрігердің көмегіне жүгінгені дұрыс. Әр істің өз маманы бар. Сізге де сол маман көмектесері сөзсіз.


Әйелдердің сексуалдық белсенділігін немесе қаншалықты қажет ететінін білу үшін сексолог мына мәліметтерді білуге тырысады:

  • Жағдайы: тұрмыста, тұрмыста болмаған немесе ажырасқан, жесір.
  • Етеккір уақыты: уақытылы келеді, бұзылыстар бар, келмейді.
  • Жыныстық қатынастан алатын әсері: қосылу кезінде ауырсынуды сезінеді, жыныстық қатынасқа түскенді қаламайды;
  • Қынаптың сулануы: шырыш бөлінбейді, қозу кезінде үнемі суланып тұрады.
  • Оргазм: ләззат алмайды, ұйықтап жатқанда оргазм алады, 50 пайыз оргазм алады, екінші рет қосылғанда тояттанады.
  • Жыныстық қатынастан кейінгі физикалық жағдайы: ауырсынады, қанағаттанады, өзін жайсыз сезінеді.
  • Жыныстық белсенділігі: жыныстық қатынасқа мүлде түспейді, 6 айда 1 рет жыныстық қатынас болады, айына 1 рет, 1 аптада 1 реттен көп емес, күн сайын немесе күніне бірнеше рет қосылады.


Еркектердің де жыныстық белсенділігін, қаншалықты қажет ететінін білу үшін осындай сұрақтар қойылады:

  • Жағдайы: үйленген, бойдақ, ажырасқан.
  • Жыныстық қатынасқа түскенді қаншалықты қалайды: қаламайды, 1 айда 1 рет жеткілікті, 1 айда 2-3 рет қосылу қалыпты деп ойлайды, күн сайын немесе күніне бірнеше рет.
  • Төсек қатынасына түсер алдындағы көңіл-күйі: қорқыныш билейді, өз-өзіне сенімсіздік, өз-өзіне сенімді, ешқандай қорқыныш жоқ.
  • Ләззат алуы: ешқашан қанағаттанбаған, кейде тояттанады, үнемі қанағаттанады.
  • Жыныстық қатынас ұзақтығы: шәуетті ерте шығарып қояды немесе кеш тояттанады.
  • Жыныстық қатынастан кейінгі көңіл-күйі: қанағаттанбаған немесе қанағаттандыра алмаған жағдайда өзіне көңілі толмайды, сүйіктісіне деген махаббаты сөніп, оны көргісі келмей қалады, қалыпты көңіл-күйде болады, барынша қанағаттанады.


Сексолог осылайша алдына келген науқасқа өз сауалдарын қойып, түрлі сауалнамаларды толтырту арқылы ер мен әйел арасының жақындығын, жыныстық қатынасты қаламауының себебін анықтайды.

Дайындаған: Жайна ТЫНЫШБЕК,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Жаңа қарым-қатынасқа дайын еместігіңізді білдіретін 7 іс-әрекет


Әйелдердің ТӨСЕККЕ қызығушылығы неліктен төмендейді?