​Сүйіктіңізге ТӨСЕКТЕ қалағанындай ләззат сыйлай алатыныңызға сенімдісіз бе?

0
5 401

Өз-өзіңізге деген сенімділікті арттырудың ең мықты әдістерін ұсынамыз.


​Сүйіктіңізге ТӨСЕКТЕ қалағанындай ләззат сыйлай алатыныңызға сенімдісіз бе?

Ерлі-зайыптылар арасындағы интимді қарым-қатынастың ойдағыдай болуы екеуіне де байланысты. Бірі белсенді қимылдап, екіншісі «кескен томардай» әрекетсіз жататын болса, ләззаттың шыңына шығу мүмкін емес. Бұлай жатуға ердің де, әйелдің де өз-өзіне деген сенімділіктің жоқтығы себеп болуы мүмкін. Әсіресе көп жағдайда бұл әйелдерде кездеседі екен. Ұялшақтық пен өз-өзіне деген сенімсіздік қосылып, оның ашылуына, серігіне кереметтей сезім сыйлауына кедергі келтіреді.

Өз-өзіңізге деген сенімділікті арттырудың ең мықты әдістерін ұсынамыз.


Қолыңыздан не келеді, соны жасаңыз

Ойдан ештеңе шығарудың қажеті жоқ. Бар білгеніңізді жасауға тырысыңыз. Мүлде ештеңеден хабарсыз, ешнәрсеге ебедейсіз адам болмайды. Мәселен, сіз сүйісуді жақсы меңгерген боларсыз. Ең болмағанда серігіңізді сипалап, оны рахатқа бөлеуді білесіз деген ойдамыз. Осындай өзіңіз жақсы меңгерген нәрсені жасасаңыз болады. Бір ай бойы осы қырыңызды дамытып, «Мен серігіме бір ай бойы ұмытылмастай түн сыйладым. Ең жақсы секс болды» деп ойлап жүруіңіз керек.


Жаңа нәрседен қашпаңыз

Бір ай бойы тәжірибе жинақтап, жасай алатын қимылдарыңызды дамыттыңыз немесе жақсы жасауға тырыстыңыз. Енді басқа да нәрселерді үйренуге талпыну керек. Әрине, бірден ойдағыдай нәтиже күтпеңіз. Жаңа әдістерді, техникаларды іс жүзінде пайдаланып көріңіз. Бұл әрекетіңіз сүйіктіңізге ұнап жатса, ары қарай қайталауды жалғастырасыз.

Сексуалдық байланыстың түрленіп тұрғаны дұрыс. Әр жақындасқан сайын біркелкі позаларды қолдану өзіңізді де, серігіңізді де жалықтырып жіберуі әбден мүмкін.


Күліңіз

Жыныстық қатынас кезінде күліп алуға да болады. Кей жағдайларда бірдеңені дұрыс істемей, жасаған қимылыңыз күлкілі болса, күліп алудан ұялмаңыз. Мұндай күлкі екі жанға да ләззат сыйлап, секстің одан әрі жандануына септігін тигізеді.


Өз денеңіздегі жақсы көретін жеріңізге мән беріңіз

Үнемі бойыңыздағы кемшілігіңізді ойлаудан жалыққан боларсыз. Одан гөрі өзіңізге ұнайтын жерді ойлаған әлдеқайда пайдалы. Сондықтан да айнаға қараған уақытта да бет-жүзіңіздегі, денеңіздегі ұнамды жерлерге көз салыңыз. Ал, кемшін тұстарды уақытша ұмыта тұрыңыз. Міне, бұлай ойлау да адамға сенімділік сыйлайды.


Сенімділік сыйлайтын ішкиім киіңіз

Мысалы, жаңа киім сатып алғанда өзіңізді бақытты әрі сенімді сезінесіз бе? Дәл сол секілді жайлы әрі өзіңізге ұнайтын ішкиім де өзіңізді сенімді етуге көмектеседі. Сол үшін әдемі әрі жарасымды жатын киім киіп, ерніңізге қызыл далап жағыңыз. Сонымен бірге серігіңізге ұнайтын иіс су себінуді де ұмытпаңыз. Мұның бәрі ұйықтап жатқан сезімдерді оятуға жақсы әсер етеді.


Мына сөздерді іштей қайталаңыз

«Мен ең тартымды жанмын. Менен асқан әдемі әйел жоқ» фразаларын іштей қайталаудан жалықпаңыз. Тіпті, күнделігіңізге жазып қойсаңыз да болады. Бұл сөздер көзіңізге көп шалынып, ойыңызда қайталана беретін болса, сіз де өзіңізді солай сезінесіз.


Бөлменің атмосферасын өзгертіңіз

Жарықты сөндіруге асықпаңыз. Ең болмағанда свеча жағып қою керектігін ұмытпаңыз. Еркек әйелді көрсе көзімен оны «қытықтап», сезімі ояна бастайды. Ал, денеңізден, кейбір май басқан қатпарлардан ұялатын болсаңыз, жарықты толықтай сөндіріп, терезеден бөлмеге айдың сәулесі түсетіндей етіп пердені ашып қойыңыз.


Өзіңізге ыңғайлы позаларды таңдаңыз

Үнемі бір адам белсенді бола берсе, бұл да жалықтырады. Сізге де белсенді болуға тура келеді. Мәселен, жатын бөлмедегі төсектен басқа жерде жақындасуға да болады. Төсек-жайманы жерге жайып жіберіңіз немесе орындыққа отырыңыз, тіпті, басқа образға еніп, рөл сомдап кетсеңіз де артықтық етпейді. Мұндайда төсек қатынасы қыза түсіп, екі жанның өзіне деген сенімділігі арта береді. Ләззат шыңын бағындыру да қиын болмай қалады.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Төсек қатынасын бірден бастауға бола ма?


Таңғы жыныстық қатынастан кейін көңіл-күйіңіз 100% көтеріледі