​Ұмытылмас түн сыйлайтын "ФИШКАЛАР"

0
6 055

Ер мен әйел жылына бір-екі рет бір-біріне ұмытылмастай түн сыйлап тұруы қажет.


​Ұмытылмас түн сыйлайтын

Бақытты өмірдің, бақытты жанұяның кілті – екі адамның арасындағы түнгі қарым-қатынастың жақсы болуында дейді мамандар. Ал, екеудің жатын бөлмедегі құпиясы өте көп. Ер мен әйел жылына бір-екі рет бір-біріне ұмытылмастай түн сыйлап тұруы қажет. Сонда ғана олардың арасы суымай, керісінше махаббаттары нығая түседі. Ұмытылмас түн сыйлайтын ФИШКАЛАРДЫ білгіңіз келсе, төменге көз жүгіртіңіз.


Ыңыранған дыбыс шығару

Төсек қатынасы кезінде үнсіз қалуға болмайды. Өзіңіздің қаншалықты ләззат алып жатқаныңызды осы арқылы білдіресіз. Көп адамдар романтикалық кеш деп – қызыл шарап пен әр жерде жылтылдаған шамдар, төсекке шашылған раушан гүлі болса болды деп ойлайды. Бірақ бұл сексологтардың айтуынша әлдеқашан ескірген түсінік екен. Егер сіз осындай романтикалық кеште дыбысыңызды шығармай, ләззат алған-алмағаныңызды білдірмей жататын болсаңыз, гүл мен шамдардың мәні қалмайды. Әйелдің ыңыранған дауысы бәрінен де күшті екенін ұмытпаңыз.

Жарықты сөндірмеу

Әйелдер көбіне жарықты сөндіруге асығып тұрады. Бір жағынан ұялшақтық басым болса, екінші жағынан денесінің өзіне ұнамайтын жерлерін көрсеткісі келмегеннен осылай жасайды. Дегенмен еркектердің көзбен сүйетінін естен шығармау керек. Ендеше қанша қысылып тұрсаңыз да жарықты сөндірмей, күйеуіңіздің көңілінен шығуға тырысып көріңіз. Мүмкін оған сіздің тырдай жалаңаш күйіңіз ұнайтын шығар.


Өзіңіздің бар екеніңізді сездіріңіз

Ешбір адамның қай тірлікті болмасын жалғыз істегісі келмейді. Сол себепті де партнерыңыздың сізден қолдау күткені, сіздің де әрекет еткеніңізді қалауы орынды. Көбіне әйелдер қауымы жыныстық қатынаста еркектер белсенді болу керек, барлығын солар жасуы тиіс деп ойлайды. Махаббат – екі адамның да бірдей іс-әрекет жасауымен ұзаққа созылады.


Комплимент айтыңыз

Тек әйелдер ғана емес, ер адамдар да жылы-жылы сөздер мен өз тарапына айтылған мақтауларды естігенді қалайды. Кез келген ер-азаматқа комплимент айтқан ұнары сөзсіз. Алайда, жаттанды сөздерді қайталаудың қажеті жоқ. Шын жүректен, ыстық ықыласпен айтқан сөздер ғана өтімді болады.


Төсекті түрлендіру

Төсекті түрлендірудің әдіс-тәсілі көп. Өзіңізге не ұнайды соның бәрін жасай беруге болады. Бірақ сүйіктіңізбен келісіп жасағаныңыз абзал. Мысалы, киімдеріңізді шешіп тастап, ашықтан-ашық фотоға түсіңіздер. Ол үшін фотоаппарат сатып алу керек немесе арнайы орынға барып суретке түсемін деп әуре болмаңыз. Жай ғана жатын бөлмеден бастап көріңіздер. Егер бұл идея екеуіңізге де ұнап жатса, ары қарай жалғастыруға болады.


Атлас матадан тігілген жайма-төсек сатып алыңыз

Атлас мата тегіс әрі салқын болатындықтан денеге жағымды әсер етеді. Мұндай төсек-жайма еркектің де, әйелдің де тез қозуына, жыныстық қатынасқа берілуіне айтарлықтай септігін тигізеді.


Түрлі «ойыншықтарды» пайдаланыңыз


Қазіргі кезде интимді «ойыншықтардың» бар екенін білетін боларсыз. Солардың бірі әйелдерге арналған дуо-шариктер. Мұндай шариктердің пайдасы көп. Қынапқа салған кезде бұлшықеттерді оятып, жағымды әсер сыйлайды. Әйелдің қозу нүктелеріне де пайдалы. Әсіресе секстен бір сағат бұрын қынапқа салатын болсаңыз, жыныстық қатынасқа дайын екеніңізді өзіңіз-ақ білдіресіз. Осылайша сіз де, жолдасыңыз да барынша ләззатқа бөленіп, секстен рахат алатын боласыздар.

Дайындаған: Жайна ТЫНЫШБЕК,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Күйеуіңіз тек СІЗДІ қаласын десеңіз


ШӘУЕТІН уақытынан БҰРЫН шығарып қоятындар СЕКСОЛОГҚА баруы керек