Мұндай жағдайдан кейін сексуалдық қажеттілікті уақыт өткен сайын керек етпей қалуыңыз ғажап емес.
Зерттеулерге сүйенсек, ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынасқа түспеген адамдар депрессияға, стреске тез беріледі екен. Сонымен қатар, мидың жұмыс істеуі де баяулап, жүйке жүйесі сыр беріп, ашушаң боп кететін көрінеді. Бұдан бөлек, ұзақ уақыт сезімге берілмеудің мынадай да зиянды әсерлері бар екен. Егер білгіңіз келсе, төмендегі жазбаға көз жүгірте отырыңыз.
Құмарлығыңыз басылып қалады
Жыныстық қатынаста көп уақыт болмаудың мұндай зияндылығы әлі дәлелденбеген. Бірақ та кейбір сарапшылар сексте белсенділіктің төмендеуі одан кейінгі уақыттарда құмарлықты жоюы мүмкін дейді. Сексуалдық қажеттілікті күн өткен сайын, ай өткен сайын керек етпей қалуыңыз ғажап емес. Дегенмен, барлық нәрсе адамның өз қалауына байланысты.
Эмоцияны шығаруға кедергі келтіреді
Бірнеше ай бойы төсек қатынасына түспеген адамның жүйке-жүйесі сыр беріп, ашуланғыш болып алады деп айтып өткен болатынбыз. Шын мәнінде секспен жүйелі түрде айналысатындардың көңіл-күйі көтеріңкі болып, жүзі жайнап жүреді. Ал, керісінше ұзақ уақыт бойы серігімен жақындаспаған жандар барлық эмоциясын ішінде жасырып, қан қысымы айтарлықтай көтеріліп көтеді екен. Осыдан соң олардың мазасы болмай, жан-дүниесі де күйзеліп, өзін бақытсыз сезінеді.
Жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығады
Қалыпты әрі жақсы қарым-қатынастағы жандардың жүрек-қан тамыр жүйесінде ешқандай ақау болмаса, ал, жүйелі түрде секспен айналыспайтындарда денсаулығының бұл тұсы сыр беруі мүмкін. Өйткені секс кезінде қан айналым жақсарып, жүрек соғысы да жиілейді. Яғни, белсенді қимыл-қозғалыс, гормондардың түзілуі жүрекке жағымды әсер етеді.
Қозу үшін көп әрекет жасайсыз
Жиі жыныстық қатынасқа түсу – адамның жыныс мүшелерінің жұмысына жағымдылық сыйлап, тез қозатын күйге келтіреді екен. Керісінше ұзақ уақыт бойы ешкіммен төсектес болмаса оның қозу нүктелері сөніп, біраз әуреге салуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше жиі-жиі жыныстық қатынаста болатындарда бөлінді тез бөлініп, ләззатқа берілуіне еш зияны тимейді дейді. Сол себепті де біраз уақыт ешкіммен жақындықта болмаған болсаңыз, сіздің қозуыңызға қосымша көмек керек болады. Мысалы, түрлі жақпа майларды пайдалануға немесе порнографиялық суреттер мен фильмдерді көруге тура келеді.
Ақыл-ой қабілеттілігі төмендейді
Бұрыннан келе жатқан түсінік бойынша төсектен тартыну адамды ақылды етеді дейді. Алайда ғалымдар олай емес екенін әлдеқашан дәлелдеген. Олардың мәлімдеуінше жиі-жиі төсек қатынасына түсу мидағы нейрондардың көбею белсенділігін арттырады. Секс болмаған жағдайда ғылыммен айналысамын деу бос әурешілік. Жетістікке жетіп, білімін арттыратын дейтін жандарға секспен де үнемі айналысып тұруға кеңес береміз.
Әйелдер ауруға шалдығуы мүмкін
Интимді өмірдің денсаулыққа да тигізер пайдасы көп екен. Олай болмаған жағдайда әсіресе әйелдер жағы көп зардап шегетін көрінеді. Ұзақ уақыт бойы төсектес болмаған әйелдердің сүт бездерінің жұмысы бұзылады. Ісіктер пайда болуы ғажап емес. Сондай-ақ, мастопатия, жатырішілік миома және фибромиома сынды аурулар пайда болады.
Секс – ағзаның табиғи қажеттілігі болғандықтан да оның болмауынан ағза зардап шегеді. Дегенмен, төсек қатынасында болу міндетке немесе парызға айналмауы керек. Әркім қалаған уақытында ләззат алып, рахатқа бөленсе болғаны.
Дайындаған: Жайна Тынышбек,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
ӘЙЕЛДЕР неге күн сайын ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА түскенді қаламайды?
Сүйіктіңізге ТӨСЕКТЕ қалағанындай ләззат сыйлай алатыныңызға сенімдісіз бе?