Мұны "төсектен түсіп қалғысы келмейтін" әрбір еркек білуі тиіс.
иллюстрациялық фото: avatars.mds.yandex.net
Еркектердің денсаулығына өмірге ұрпақ әкелетін аналардыкінен кем қарауға болмайды. Баланы аман-сау дүниеге әкелу –ананың (әйелдің) аманаты болса, ал жатырда пайда болатын шарананың дені сау болуы әкенің (еркектің) денсаулығына тәуелді.
Дәрігердің алдына бара бермейтін бөріктілердің әлі көп екенін ескере отырып осынау кеңесті ер-азаматтарға арнауды жөн көрдік.
ЕРКЕКТЕРГЕ арналған ЕҢ МАҢЫЗДЫ 3 кеңес
1. Жыныстық қатынасқа көбірек түскен еркектің өмірі де ұзақ болады
Еркектерді ең көп мазалайтын сұрақтардың бірі – «Еркектік қабілетті ұзақ сақтаудың, айырылып қалмаудың жолы қандай?»
Бұған мамандардың ортақ пікірі де біреу ғана – еркектерде жыныстық қатынас тұрақты әрі көп болған сайын қабілеті де ұзақ сақталады. Тіпті, жыныстық қатынасқа көп түсетін еркектің өмірі де ұзақ болатынын айтады урологтар.
Еркектер үшін төсектегі қабілетін сақтап қалудың ең маңызды амалы – жыныстық қатынасқа тұрақты түрде түсу. Егер тән жақындығы тұрақсыз, серігін де көп ауыстырар болса, ең алдымен қобуға (эрекцияға) кері әсерін тигізеді. Ал эрекция – бұлшықет сияқты, оны ұдайы шынықтырып, жаттықтырып тұру қажет.
Екінші бір маңыздысы – жыныс мүшелерін таза ұстап, онда инфекция түсірмеу. Жыныстық мүшедегі инфекциялар – еркектік қабілеттің қас жауы.
Кейде жоғарыда аталған екі кемшілік те болмай, сонда да эрекция әлсіз болып жатады. Мұндайда жүрек-қантамыр ауруларының әсерінен де болады.
2. Жыныс мүшесін үлкейту керек пе?
Бұл сұрақ та қазір еркектер арасында өте көп талқылатанатын болса керек. Себебі, мамандарға осынау сұрақты қоятын еркектер көп болады екен.
Жыныс мүшесіне көңілі толмайтын еркектер мыналарды білуі тиіс:
- Жыныс мүшесіне ота жасатудың денсаулыққа жанама әсері болмауы мүмкін емес
- Жыныс мүшесін ауыстыру көрінеу көзге және психологиялық тұрғыда ғана нәтиже бергенмен, жыныстық қатынаста пайдасы шамалы ғана
- Ота жасатқан соң мүшейсін үлкейткен еркектің жыныстық қатынасқа түскенде ләззатын сезінуі кемиді немесе мүлде сезіне алмай қалуы мүмкін
Жыныс мүшесін үлкейтпес бұрын осыларды есте сақтаған дұрыс.
3. Еркек әжетханаға жиі барса, простатит болғаны ма?
Денсаулығына мән беретін әрбір еркектің қоятын сұрағы бұл.
Еркектің әжетханаға жиі баруы аса бір қауіпті дерттің барын білдірмейді. Жиі дәрет сындыру оның оның ішкен сусынында және оны ағзасының «өңдеп» шығаруына байланысты.
Ал мына мәселелер туындаса, онда мазасыздануға болады:
- түнде дәрет сындыруға шыға бастаса;
- түнде дәретке шығуы екі немесе одан да көп болса;
- дәретке шыққаннан бөлек, зәр шығару қиындай бастаса, онда дәрігердің қарауына асыққан жөн.
Өйтпеген жағдайда жыныстық қатынаста ғана емес, басқа да ішкі мүшелерде мәселе туындауы мүмкін.
Түрлі дереккөздерден жинақтап ұсынған: Ж.БАЙТҰРЫМ,
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:
18+: Әйел еркектің «ҚАЛАҒАНЫН БЕРМЕЙ» жүрсе, 5 СЕБЕБІ бар
Өте қызықты ТЕСТ: жыныстық қатынасқа деген «ТӘБЕТІҢІЗ» қандай?