30-дан асқан ер-азаматтардың төсек қатынасына деген құштарлығы айтарлықтай жоғары болады.
Интимді байланыстың әр адам үшін алар орны ерекше. Ерлі-зайыптылар бір-біріне сүйіп қосылып, құштарлықпен, ынтызарлықпен қауышса, жыныстық қатынастың қаншалықты жиі болатыны түсінікті. Алайда жыныстық қатынаспен жиі айналысу үшін сүйіспеншіліктің ғана болғаны жеткіліксіз дейді мамандар.
Әр адам жеке тұлға болғандықтан да оның жыныстық қатынаста қаншалықты белсенді болатыны тек өзіне байланысты. Ол адамның гормондық, эмоционалдық, физикалық жағдайларын да ескеру қажет.
Әркімнің денсаулығына, жалпы жағдайына қарай жыныстық қатынасқа түсуі әртүрлі болады дейді сексологтар. Мысалы, жас әрі дені сау адамдардың интимді байланыста қарқынды болуына мына жағдайлар әсер етеді:
- Денсаулығының жақсы болуы;
- Эмоционалдық тонусының жоғары болуы;
- Еркектік қауқарының жоғары болуы;
- Созылмалы аурулармен ауырмауы;
- Сүйіктісіне деген құштарлығы;
- Оның күн сайынғы көңіл-күйі;
- Психологиялық тұрғыда алдын ала дайын болуы.
30-дан асқан ер-азаматтардың төсек қатынасына деген құштарлығы айтарлықтай жоғары болады. Бірақ әйелдерде мүлде олай емес. Кейбір әйелдерге аптасына бір рет жақындасқан жеткілікті болуы мүмкін. Көбіне балалы-шағалы әрі бақытты ерлі-зайыптылар аптасына 3-4 рет жыныстық қатынасқа түседі екен. Бұл қалыпты деңгей деп бағалайды сексологтар. Егер жыныстық қатынасқа одан да көп рет түсуді қаласаңыз, аптасына 10-15 рет жақындасудан ары аспаған дұрыс.
Кинси атындағы институт ғалымдарының зерттеуіне сүйенер болсақ, орта есеппен 18-29 жас аралығындағылар жылына 112 рет, 30-39 жаста болса 89 рет, 40-49 жас аралығындағылар жылына 69 рет жыныстық қатынасқа түсе алатынын дәлелдеген. Олардың пайымдауынша төсек қатынасына деген ынтызарлық адамның жас мөлшеріне байланысты екен. Алайда көптеген ғалымдар бұл пікірге қосылмайды. Жыныстық қатынас көрсеткіші бұдан да жоғары болуы керек деп дауласуда. Жоғарыда айтып өткеніміздей, жыныстық қатынастың жиі болуы ер мен әйелдің денсаулығына тікелей қатысты.
Жыныстық қатынас жиілігін қалай арттыруға болады?
Сексуалдық қарым-қатынасқа түрлі факторлар әсер етеді. Сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен төсек қатынасына деген ынтызарлықтың жоғарылауы да, төмен түсуі де мүмкін.
- Жас шамасы. Адамның жасына қарай оның белсенділігі де төмендей береді. Дегенмен, секстің саны артпағанмен, сапасы артуы ғажап емес.
- Гормондар. Андроген және эндоген гормондарының деңгейі жыныстық қатынасқа тікелей әсер ететін көрінеді.
- Денсаулық. Адамның қай жері ауырса, жаны сол жерде дегендей, тісі ауырса да оның көңіл күйі болмайды. Мұндай жағдайда еркектер де, әйелдер де тезірек ауруынан айыққысы келеді. Денсаулығы сыр берсе адам жыныстық қатынасты ойлауы екіталай.
- Тартымдылық. Жасы келген сайын әйелдер өзінің сырт келбетіне күтім жасауды ұмыт қалдырады. Тартымсыз әйелмен кімнің жақындасқысы келеді дейсіз? Сол секілді еркектің де тартымды болғаны дұрыс. Әрдайым өзіңіздің сырт келбетіңіз бен жыныстық тазалығыңызға мән беріңіз. Жыныстық қатынасқа бармас бұрын, салқын сумен шайынып, тісіңізді тазалаңыз. Әтір себінуді ұмытпаңыз. Мұның барлығы ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құштарлығын арттыра түседі.
Жыныстық қатынаспен айналысудың пайдасы қандай?
- Көңіл-күй көтеріледі. Интимді байланыс кезінде адамның көңіл-күйін көтеретін дофамин және окситоцин гормондарының деңгейі көтеріледі екен.
- Иммунитет жоғарылайды. Секс – иммундық жүйені нығайтатын лейкоциттер мен эндорфин гормонын көбейтеді.
- Жүрек ауруларын азайтады. Төсек қатынасын – физикалық жаттығудың бір түрі деуге болады. Жаттығу кезінде жүрек бұлшықеттерінің шынығатыны белгілі.
- Төсек қатынасын түрлі ауруларға қарсы «дәрі» деуге болады. Егер оның мөлшерін шектен асырмай орындайтын болсаңыз, міндетті түрде пайдасын көресіз. Жеткіліксіз болған жағдайда да кері әсерлері байқалады.
Дайындаған: Жайна ТЫНЫШБЕК,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Күзгі sex-ті ойдағыдай ететін 5 техника