Үндістер жолды әктаспен нығайтқан.
ERNUR.KZ. Ғалымдар Орталық Америкадағы Юкатан түбегінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ежелгі жолды тапты, деп хабарлайды Хабар24.
Оны майя үндістері 1000 жыл бұрын салған болуы мүмкін, деп жазды Live Science.
Жол шамамен 680 жылы салынған.
«К’авиил Аджо патша Коба қаласынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Яксун қаласын бақылау үшін жол салуды тапсырған деп ойлаймыз», - дейді ғалымдар.
Зерттеушілер ежелгі жол құрылысшылардың жолды көтеріп, оны әктаспен нығайтқанын анықтады. Оны тұтқындар салуы әбден мүмкін.