COVID-19: Словакияда ТЖ режимі енгізілді

0
561

Пандемия кезеңінде Словакияда барлығы 10 141 адам коронавирус жұқтырған.


COVID-19: Словакияда ТЖ режимі енгізілді

ERNUR.KZ. Бүгін Словакия үкіметі 1 қазаннан бастап республикада төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы журналистерге премьер-министр Игорь Матович айтты, деп жазады Тengrinews.kz.


"Коронавируспен күресті күшейту мақсатында Үкімет менің ұсынысым бойынша 1 қазаннан бастап ТЖ режимін енгізу туралы шешім қабылдады, бұл режим көктемдегімен салыстырғанда Денсаулық сақтау саласына ғана емес, біздің қоғамдық өміріміздің басқа да салаларына әсер етеді", - деді Матович.


Бұған дейін төтенше жағдай режимі Словакияда 16 наурыздан 16 маусымға дейін болған еді.

Басылымның мәліметінше, соңғы тәулікте Словакияда коронавирус жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді - 567 адам, ауруханаларда 75-78 жастағы үш науқас қайтыс болған.

Пандемия кезеңінде Словакияда барлығы 10 141 адам коронавирус жұқтырып, 4395 адам жазылып, 48 адам көз жұмған.