Қытай мен Бразилия осы жылдың мамыр айында Украина дағдарысын саяси жолмен шешу туралы алты пункттен тұратын консенсусты бірлесіп жариялап, 100-ден астам қолдау алған.
фото: AP Photo / Ng Han Guan
ERNUR.KZ. Украинада бейбітшілік орнатуға ұмтылған көп дауысты біріктіріп, дағдарысты саяси жолмен шешуге жол ашу қажет, деді Қытай төрағасы Си Цзиньпин Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силвамен келіссөз қорытындысы бойынша журналистермен кездесуінде, деп жазады sputnik.kz.
"Қытай мен Бразилия Украина дағдарысын саяси жолмен шешуге қатысты "алты пункттен тұратын консенсусты" бірлесіп әзірледі, сондай-ақ Жаһандық оңтүстіктегі тиісті елдермен бірге Украина дағдарысы бойынша "Бейбітшілік достары" тобын құрды", - деді Си Цзиньпин.
Ол "бейбітшілікке ұмтылған дауыстарды көбірек біріктіріп, Украина дағдарысын саяси жолмен шешуге жол ашуымыз керек" деп айтты.
Қытай мен Бразилия осы жылдың мамыр айында Украина дағдарысын саяси жолмен шешу туралы алты пункттен тұратын консенсусты бірлесіп жариялап, 100-ден астам қолдау алған.
Құжат, біріншіден, барлық қатысушы тараптарды жағдайды деэскалациялаудың үш принципін, атап айтқанда: ұрыс алаңын кеңейтпеу, соғыс қимылдарын өршітпеу және арандату әрекеттерін жасамауға шақырады. Екіншіден, құжатта диалог пен келіссөздер Украина дағдарысын шешудің бірден-бір жолы екені баса айтылған. Үшіншіден, құжатта тиісті аймақтарға гуманитарлық көмек көлемін ұлғайту және гуманитарлық дағдарыстың кеңеюіне жол бермеу, бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандарға шабуыл жасау жол бермеу айтылған. Қытай мен Бразилия да қақтығыс тараптары арасында әскери тұтқындарды алмасуды қолдады.
Төртінші тармақ жаппай қырып-жоятын қаруды қолдануға жол берілмейтіндігін және ядролық дағдарыстың туындауына жол беруге болмайтынын көрсетеді. Бесінші тармақта Қытай мен Бразилия атом электр станциялары мен басқа да бейбіт ядролық нысандарға шабуыл жасауға қарсы болды. Алтыншы тармақта тараптар әлемді жабық саяси немесе экономикалық топтарға бөлуге қарсы тұруға шақырды.