Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен біржола шеттетілді

0
433

Енді елде 60 күн ішінде жаңа президент сайлауы өтуі керек.


Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен біржола шеттетілді

Фото: Chung Sung-Jun / Reuters

ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай жариялау әрекеті сәтсіз аяқталғаннан төрт ай өткен соң мемлекет басшысын қызметінен біржола шеттетілді, деп жазады stan.kz.

Сегіз судьядан тұратын алқа өз үкімінде президент шешімі Конституцияға, заң үстемдігі мен демократия принциптеріне қайшы келеді деп мәлімдеді. Енді елде 60 күн ішінде жаңа президент сайлауы өтуі керек.

Еске салсақ, құқық қорғау органдары Оңтүстік Корея президенті бүлік шығарды деп айыптап, парламент оған импичмент жариялап, биліктен шеттеткен. Президенттің міндетін атқарушы қызметіне Хан Дук Су тағайындалған.

Юн Сок Ёльдің адвокаттары тергеушілердің оны қамауға алуына негіз жоқ екенін айтты. Өйткені конституция президентке әскери жағдай жариялауға мүмкіндік береді.

Сол кезде Оңтүстік Кореяның тергеушілері президент Юн Сок Ёльді тұтқындай алмаған еді. Бірақ 15 қаңтарда қамауға алу туралы ордер беріліп, президентті изоляторға алып кетті.