Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылуы бойынша референдум өтеді.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Осетияда президент сайлауының екінші туры аяқталды, осыдан кейін елде референдум өткізу жоспарланып отыр. Барлық құжаттар ОСК-ға жолданды, деп жазады Zakon.kz.
Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылуы бойынша референдум өтеді. Бұл туралы өз-өзін егемен деп жариялаған республиканың қазіргі президенті Анатолий Бибилов мәлімдеді.
Ол қарсыласы Алан Гаглоевтің Республика басшысы сайлауының екінші турындағы жеңісін мойындағаннан кейін осындай мәлімдеме жасады.
Бибилов референдум өткізу үшін барлық құжаттар жиналып, Ортсайлаукомға тапсырылғанын атап өтті.
Референдум болады. ОСК мұның бәрін қарастырып, содан кейін Жоғарғы сотқа жолдап, референдум өткізетін күнді анықтауы керек.Анатолий Бибилов
Оңтүстік Осетия ОСК мәліметтері бойынша, хаттамалардың 18% өңделгеннен кейін, екінші турда Гаглоев 59,22% дауыс жинады, ал Бибилов – 37%.
Бибилов сайлаудағы жеңілісін мойындап, Гаглоевке сәттілік тіледі.
Бұған дейін Оңтүстік Осетияда президенттік сайлау өткен соң біраз уақыттан кейін өз-өзін егемен деп жариялаған республиканың Ресеймен бірігуі бойынша референдум өткізу жоспарланғанын айтқан. Бибилов бұл бірігуді Оңтүстік Осетия халқының "стратегиялық мақсаты" деп атады.