Өзбекстанда 11 жасар бала коронавирустан көз жұмды

0
589

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі баланың өлімін ресми түрде растады.


Өзбекстанда 11 жасар бала коронавирустан көз жұмды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда коронавирус инфекциясы салдарынан болған жас жеткіншектің өлім оқиғасы тіркелді. Індет салдарынан 11 жасар балақайдың жағдайы күрт нашарлаған, деп жазады centralasia.media.

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының ушығып кетуі салдарынан орын алған 11 жасар баланың өлімін ресми түрде растады.

Министрліктің мәліметінше, қауіпті індет өмірін жалмаған жас жеткіншек Ташкент облысының тұрғыны болған. 17 қыркүйектегі статистикаға сәйкес, өткен тәулікте ел бойынша алты адам көз жұмған. Олардың барлығы Ташкент қаласы мен Ташкент облысынан шыққан.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Өзбекстанда корогавирус инфекциясынан 415 адам қайтыс болған.