Парижде шоколадтан жасалған көйлектердің жәрмеңкесі басталды

0
740

Франция астанасы Парижде ерекше жәрмеңке басталды.


Парижде шоколадтан жасалған көйлектердің жәрмеңкесі басталды

ERNUR.KZ. Онда келген қонақтар шоколадтан жасалған сәнді көйлектердің түр-түрін тамашалады, деп жазады 24.kz.

Дәстүрге айналған шара өткен жылы пандемия салдарынан кейінге шегерілген еді. Ал биыл көпшілік назарына ерекше әдіспен жасалған 10 киім үлгісі ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша көрме келесі аптаға дейін жалғасады.

"Дизайнерлер әр костюмды жасауға біраз уақытын сарп етті. Енді тәтті киімдердің еріп кетпеуін мұқият қадағалау керек. Адам денесінің қызуынан шоколад тез бүлінуі мүмкін. Сондықтан бұдан сақтану үшін алдымен матадан жасалған киім киіледі. Ғимарат ішіндегі температураны да үнемі бақылап отырамыз", - деді шоколад шебері, Винсент Герле.