Путин жол салу саласында Қазақстан мен Қытайға жетуді тапсырды

0
1 329

​Ресей президенті «Еуропа-Азия-Тынық мұхиты аймағы» дәлізіне кіретін жол құрылысында Қазақстан мен Қытай өз міндеттерін орындап қойғанын айтты. Жыл сайынғы Федералды жиын алдындағы есебінде Владимир Путин еуразиялық көлік қатынасының қарқынды дамуы жайын да сөз етті.


Путин жол салу саласында Қазақстан мен Қытайға жетуді тапсырды

фото: ашық дереккөзден

Ресей президенті «Еуропа-Азия-Тынық мұхиты аймағы» дәлізіне кіретін жол құрылысында Қазақстан мен Қытай өз міндеттерін орындап қойғанын айтты. Жыл сайынғы Федералды жиын алдындағы есебінде Владимир Путин еуразиялық көлік қатынасының қарқынды дамуы жайын да сөз етті.

"«Еуропа-Азия-Тынық мұхиты аймағы» дәлізінің бір бөлігіне айналатын жолдың құрылысы жүріп жатыр. Айтпақшы, Қытай мен Қазақстандық әріптестер өздеріне тиесілі жұмысты аяқтап қойды. Олардың жолы қолданыста. Бізге де қарқынды үдете түсу керек», - деді Ресей президенті.

Айта кетейік, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 2015-2017 жылдары Қазақстанда екі мың шақырымға жуық автомобиль жолдарың құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Батыс Еуропа-Батыс Қытай транзиттік дәлізі салынды. Астана – Теміртау, Алматы-Қапшағай және Көкшетау- Петропавл бағыттарына жаңа жолдар түсті.