​Алаяқтар су тасқыны жағдайын азаматтарды алдау үшін пайдалануда

0
726

Алаяқтықтың бұл түрі жаңа емес, алайда соған қарамастан кейбір азаматтар алаяқтардың айла-шарғыларының құрбаны болып жатады.


​Алаяқтар су тасқыны жағдайын азаматтарды алдау үшін пайдалануда

ERNUR.KZ. «Жеке сәйкестендіру нөміріңізді төлемдердің бар-жоғына тексеріңіз», «Сілтемеге басып, 3 млн теңгеге дейін өтемақы алыңыз,», «Мемлекеттен тезірек жәрдемақы алыңыз» - әлеуметтік желілерде қаскүнемдер осындай сынды жалған ақпараттар орналастырып, Қазақстандықтардың дербес деректерін қолға түсіруге тырысып бағуда.

Алаяқтықтың бұл түрі жаңа емес, алайда соған қарамастан кейбір азаматтар алаяқтардың айла-шарғыларының құрбаны болып жатады.
Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленіп жатыр ма?
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккендер жергілікті атқарушы органдардан, яғни әкімдіктерден біржолғы төлем алатын болады. Төлемдер мөлшері әр өңірде келтірілген материалдық залалды есептеу үшін құрылған арнайы комиссиялардың шешімі бойынша жеке белгіленетін болады. Ол үшін су тасқыны салдарынан айырылған мүліктің тізімдерін, залалды растайтын фото -, бейнематериалдарды, жылжымайтын мүлік объектісін идентификаттау құжаттарын және басқа да құжаттарды қоса бере отырып, әкімдіктерге өтінішпен жүгіну қажет. Өтемақы төлеу рәсімі жөнінде неғұрлым толық ақпаратты тек жергілікті атқарушы органдардан алуға болады.
Қазақстанның барлық азаматтарына банктерден және Еңбек министрлігінен «өтемақы» төленеді
Жалған хабарландыруларды барынша шынайы етіп көрсету үшін қылмыскерлер қазақстандық банктер мен мемлекеттік органдардың атауларын пайдаланады. Мысалы, соңғы аптада Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілерінде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Халық банкпен бірлесіп өтемақы төлейтіні, сондай-ақ Қаржы министрлігінің жаңа қаулысы шыққаны жөнінде хабарламалар жариялануда. Вижуалда ұйымдардың логотиптері мен брендбук элементтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының елтаңбасы пайдаланылады.
Алаяқтар адамдарды жаңылыстыру үшін әр жарнама постының астында «Жедел төлем үшін рақмет», «Сома сол күні түседі», «Өтінімдерді шұғыл беріңіз» деген мәтінімен боттар түсіндермелерін орналастырады.
Алаяқтардың басты мақсаты – азаматтардың «Толық» немесе «Өз өтемақымды тексеру» дегенді басып, фишингтік сілтемелерге өтуін мәжбүрлеу. Одан кейін пайдаланушы алаяқтық сайтқа тап болады, ол сайтта ақша алу үшін тіркеу ұсынылады. Ал бұл үшін ЖСН, банктік карталардың деректемелері, SMS-хабарлама сияқты дербес деректер енгізу қажет болады.
Азамат бұл талапты қалай орындайды, солай олардың деректері автоматты түрде алаяқтардың қолына түседі. Қаскүнемдер өз құрбандарының шоттарындағы бүкіл ақша қаражатын алуы мүмкін немесе «бөгдеге» кредит ресімдеуі мүмкін. Сондай-ақ күмәнді сайттарға өткеннен кейін хакерлік шабуылға тап болу тәуекелі бар, ол пайдаланушының құрылғысына шпиондық бағдарламалар орнатуға негізделеді. Алаяқтар осы қосымша арқылы онлайн-банкингке және басқа да құпия ақпаратқа қол жеткізе алады.