Іздеу "БИПЭК-Авто" ісіне қатысты болуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Кәрім Мәсімовтың экс-күйеу баласы Азамат Кәпеновке 9 тамыздан бастап іздеу салды, деп жазады stan.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Кәрім Мәсімовтың экс-күйеу баласы Азамат Кәпеновке 9 тамыздан бастап іздеу салды. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталының мәліметінше, іздестіру жұмыстарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізеді.
Іздеу "БИПЭК-Авто" ісіне қатысты болуы мүмкін.
Айта кетейік, Азамат Кәпенов – "Қазтеміртранс"АҚ операция және логистика жөніндегі бұрынғы вице-президенті. Ол ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қызы Тамилла Кәрімнің бұрынғы күйеуі.