Көктемде көлікке күтім жасаудың 5 ЕРЕЖЕСІ

0
1 583

Осы әдіс-тәсілдер арқылы көлікке зиян тигізбеуге болады.


Көктемде көлікке күтім жасаудың 5 ЕРЕЖЕСІ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Біз сіздер үшін көлікті жақсы күйде ұстауға және көктемді жайлы қарсы алуға көмектесетін бес ережені жинадық.


Жуу

Көлік күтіміндегі ең маңызды элемент ауа-райы жылығаннан кейін тұрақты процедураға айналуы керек. Ең бастысы – көлік жуатын жерді дұрыс таңдау.

Егер көлік жуылғаннан кейін тазаланбаса, шанақта шаң мен кірдің қалдықтары қалатын болса, уақыт өте келе бұл жағдайлар көлікке зиян тигізеді.

Сондай-ақ, машинаны автоматты жуу орнында, мысалы, жанармай құю бекеттерінде жууға болмайды. Себебі, мұндай жердегі үлкен щеткалар көліктің барлық жуылуы керек жерлеріне жете бермейді және көліктің бояу қабатына сызат түсіруі мүмкін.

Көлікті әдеттегі сервистерде жуған жөн. Ең дұрысы — қолмен, жұмсақ матамен жуу. Тек осы тәсіл арқылы шанақты мұқият әрі зиян тигізбей тазалай аласыз. Жуғаннан кейін көлік шанағын кептіріп, мүмкін болса балауыз немесе силиконмен жылтыратуға негізделген қорғаныс қоспасымен өңдеген жөн. Бұл тазалық әсерін ұзартады.

Жылтырату

Автокөлік жуу орындары көбінесе көлікті балауызбен өңдеуді ұсынады – бұл тамаша идея. Егер құптайтын болсаңыз, жазда салқын балауыз, ал қыста ыстығын қолдануға болады.

Көлік шанағын сапалы етіп жылтырату және кейбір сызаттарды қалпына келтіру арзан емес, бірақ оның әсері алты айға дейін созылады.


Фаралар мен әйнектер

Қосылып тұрған фараларды дымқыл майлықтармен тазаламаңыз. Өйткені, мұндай әсерден кейін қызып тұрған пластик бұлыңғырлануы мүмкін.

Оптиканы жедел тазарту үшін бөтелкеге құйылған қара су және құрғақ, таза шүберек немесе майлық қолайлы.

Салон: тазалау + реттеу

Қыстан кейін автомобиль салонындағы реттілік пен тазалықты сақтау өте маңызды, өйткені бұл екінші үй сияқты.

Барлық қоқыстарды шығарыңыз, артық заттарды алып тастаңыз, төсеніштерді сорғышпен өңдеңіз немесе жуыңыз, пластик пен қаптаманы тазалаңыз, былғары орындықтарды арнайы автокосметикамен өңдеңіз. Немесе жай ғана кабинаны кешенді тазалау қызметіне жүгініңіз.


Балғын иіс

Кез келген адам салоны таза және балғын иісі бар көлікте болуды қалайды.

Сондықтан салонға арналған хош иісті дұрыс таңдаңыз, бұл жағымды сапардың маңызды бөлігі. Егер көліктің ішіне бірдеңе төгілсе, тазалауды кейінге қалдырмаңыз.

Автокөліктің салоны мен кондиционерін тұрақты түрде озондау жағымсыз иістерден арылуға және ауаға балғындық беруге көмектеседі.

Машинадағы темекі иісінен арылуға «салонды құрғақ тазалау» қызметі көмектеседі.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Әлем әйелдері ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕРГЕ қызығады?


КӨКТЕМ, ЖАЗ, КҮЗ, ҚЫС: Көлікті ҚАЙ КЕЗДЕ, ҚАЛАЙ күтіп-баптау керек?