ЖЫЛДАМДЫҒЫ сағатына 265 км: Xiaomi алғашқы электромобилін таныстырды

0
4 020

Өндіру жұмыстары келесі айда басталады.


ЖЫЛДАМДЫҒЫ сағатына 265 км: Xiaomi алғашқы электромобилін таныстырды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Смартфондарымен танылған Xiaomi компаниясы Қытайда алғашқы SU7 электромобилін ұсынды. Бұл панорамалық шыны шатыры мен автопилоты бар бес орындық седан. Машина қытайлық BAIC өндірушісімен бірге шығарылады, бірақ Xiaomi брендімен. SU7-нің ұзындығы 4997 мм, ал доңғалақ базасы 3000 мм. 19 және 20 дюймдік дискілерді таңдауға болады.


Электромобильдің бүйірлік тірегіне камера орнатылған. Ол смартфондағыдай бетті тану функциясын іске асыру үшін қажет болуы мүмкін.


Бұл көлік екі үлгіде өндіріледі. Олар – қуаты 220 кВт-қа тең, артқы жетекті және максималды қуаты 495 кВт-қа тең, толық жетекті көліктер. Алғашқысының салмағы 1980 келі және 210 км/сағ. жылдамдыққа жететін болса, толық жетекті көліктің салмағы 2205 келі және максималды жылдамдығы 265 км/сағ. болмақ.


Бұл электромобильдің смартфон сияқты үш түрлі моделі болады: S7, S7 Pro және SU7 Max. Олардың кейбіреулері артқы жақа орнатылатын спойлермен, круиздік бақылау және ETC жүйесімен жабдықталады. Соңғы жүйе ақылы жолдарда көлік құралын тоқтатпай-ақ төлем жасауға мүмкіндік береді.


Седан өндірісі 2023 жылдың желтоқсанында, ал нарыққа шығару 2024 жылдың ақпанында басталады деп жоспарланған. Бағасы әзірге құпия сақталып отыр. BAIC қазірдің өзінде сынақ өндірісін жүргізіп жатқан көрінеді.

Айта кету керек, бұл аталған электромобилбдің бейресми презентациясы. Қытайда нарыққа шықпас бұрын әрбір көлікті жергілікті реттеуші орган мақұлдауы керек. Ал өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі ай сайын мақұлдау процесінен өтетін көліктердің тізімін жариялайды.


Бұл талаптар Xiaomi компаниясын да айналып өте алмайды. Ал, автоөндірушілер бұған қарсы болып отыр. Өйткені аталған процесстер жүргізілетін кезде уәкілетті органдар әлі ресми таныстырылмаған көліктердің фотосуреттері мен сипаттамаларын ашуы керек екен.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Әлемге әйгілі көліктердің атаулары ҚАНДАЙ МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ?


КӨЛІКТЕН не үшін БЕНЗИННІҢ ИІСІ шығады?