Балықтан дайындалған дәмді тефтели

0
1 146


Балықтан дайындалған дәмді тефтели


Қажетті қоспалар:

  • 700 гр. минтай балығы
  • 1 дана пияз
  • 1 дана сәбіз
  • 3 ас қасық томат тұздығы
  • 3 ас қасық сұлы жармасы
  • 50 гр. ұн
  • 1 дана жұмыртқа
  • 3 ас қасық өсімдік майы
  • 50 гр. сары май
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш, лавр жапырағы.


Дайындалу тәсілі:

  1. Балықты ортасынан қақ жарып, сүйегінен ажыратып аламыз. Содан соң блендерге салып, жұмыртқа, сары май, сұлы, дәмдеуіштерді де қосып, араластырамыз. Барлығы біркелкі массаға айналғанша блендерді тоқтатпай, кейіннен фаршты табаққа салып аламыз. Сосын дайын фарштан барлығын бірдей етіп тефтелилер жасап шығамыз.
  2. Әрбір тефтелиді ұнға аунатып, дайындап қоямыз.
  3. Енді пияз бен сәбіздің қабығын аршып, турап, майға қуырамыз. Көкөністер жұмсара бастағанда томат қосып, дәмдеуіштерді салып, 50 мл су құйып қайнату керек.
  4. Содан соң формаға балықтан жасалған тефтелилерді салып, қуырманы құйып, суы аздау болса қайнаған су құюға болады. Бетіне лавр жапырағы мен ірі қара бұрышты салып, 180 градусқа қыздырылған пеште 40 минуттай пеште пісіреміз.
  5. Дайын тағамның бетіне майдалап туралған аскөкті себелеп, жей беруге болады.

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ливандық әдіспен дайындалған «Батата-харра» тағамы