Қажетті қоспалар:
- 500 гр. балық
- 75 гр. болгар бұрышы
- 1 дана пияз
- 1-2 дана сәбіз
- 1 дана жұмыртқа
- 50 гр. қаймақ
- 200 гр. ақ нан
- 3 тал ақжелкен
- 2 шым-шым қара бұрыш
- 2 шым-шым хош иісті жаңғақ дәмдеуіші
- Дәміне қарай тұз
- 40 мл өсімдік майы.
Дайындалу тәсілі:
- Балық еті мен болгар бұрышын, аскөкті тазалап жуып, кептіріп қоямыз.
- Көкөністер мен аскөкті ірілеп тураймыз. Балықты да ірі етіп турау керек. Содан соң балық пен көкөністерді еттартқыштан өткізіп аламыз.
- Осы фаршқа енді жұмыртқа, қаймақ, тұз, хош иісті жаңғақ дәмдеуіші мен ұнтақталған қара бұрышты қосып, жақсылап араластырамыз.
- Ақ нанды блендермен ұнтақтап оны да фаршқа қосып, араластыру керек.
- Егер фарш сұйықтау болса, тағы да нан қосуға болады.
- Балық қосылған фаршты 10-15 минут тоңазытқышқа сала тұрамыз.
- Осы уақыт өткеннен кейін фарштан котлеттер жасап, ұнтақ нанға аунатамыз.
- Табаға 3-4 ас қасық май құйып, котлеттерді салып, қуырып ала береміз. Екі бетін 5 минуттан қызарғанша қуырып, табаның қақпағын жауып, 10-15 минут буда пісіреміз.
- Дайын котлеттерді кез-келген гарнирмен ұсынуға болады.
- Астарыңыз дәмді болсын!
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Қысқа арнап ЖЕҢІЛ де ДӘМДІ салат жауып алыңыз