​Бананнан дайындалған тәп-тәтті чизкейк

0
1 116

Тәттіні құмартып жейтін жандарға жасап көруге кеңес береміз!


​Бананнан дайындалған тәп-тәтті чизкейк


Қажетті қоспалар:

  • 300 гр. банан
  • 100 мл су
  • 10 гр. желатин
  • 150 мл йогурт
  • 100 гр. сары май
  • 200 гр. күтірлек күлше
  • 50 гр. қант
  • 400 гр. майлы сүзбе


Дайындалу тәсілі:

  1. Банан қосылған чизкейкті дайындау үшін ең алдымен күлшелерді оқтаумен ұнтақтап аламыз. Күлшені мата майлықтың арасына салып, оқтаумен еземіз. Сонда күлшеміз ұнтақталып шыға келеді.
  2. Осылайша ұнтақталған күлшеге ерітілген сары майды құйып, жақсылап араластырып аламыз. Енді осы араласпаны формаға салып, үстінен басып тегістеу қажет. Содан соң форманы тоңазытқышқа саламыз.
  3. Чизкейктің салмасын дайындайық. Желатинге су құйып, ісінгенін күтеміз.
  4. Блендерге банан, йогурт, қант пен сүзбені салып араластырамыз. Ал желатинді су буында отқа қойып ерітіп алып, езбеге қосамыз.
  5. Чизкейктің салмасын бетіне құйып, форманы тағы да тоңазытқышқа саламыз. 3 сағатта тәттіміз де дайын болады. Осы уақыт өткеннен кейін чизкейкті бананмен, басқа да жидектермен әсемдейміз.

Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Картоп пен тартылған еттен өте дәмді әрі ерекше орама