Фольгаға оралған балық пісірмесі

0
1 179

Өте пайдалы әрі дәмді балықты дайындау өте оңай!


Фольгаға оралған балық пісірмесі

Қажетті қоспалар:

  • 2 кг балық
  • 250 гр. қызанақ
  • 1 дана болгар бұрышы
  • 1 дана пияз
  • Маринадқа: 2 ас қасық лимон шырыны
  • 3 тіс сарымсақ
  • 3 ас қасық өсімдік майы
  • Дәміне қарай қара бұрыш, тұз


Дайындалу тәсілі:

  1. Тағамның жасалуын маринад дайындаудан бастайық. Ол үшін өсімдік майы, лимон шырыны, езілген сарымсақ, қара бұрыш, тұзды бір табаққа салып араластырамыз.
  2. Ал балықтың мұздатылған түрін немесе балғын түрін пайдалансаңыз да болады. Содан соң балықты тазалап жуып, маринадтауға дайындаймыз.
  3. Қызанақтарды тазалап жуып, жұқалап тураймыз. Егер қызанақтардың көлемі кішкентай болса, 3-4 бөлікке бөлсеңіз де болады.
  4. Болгар бұрышын ортасынан бөліп, дәндерінен тазартып, ұзыншалап тураймыз.
  5. Пияздың да қабығын аршып, жартылай дөңгелектеп турау керек.
  6. Екі қабатталған фольга қағазын табаға салып, оның бетіне балықты қоямыз. Сосын балықтың іші-сыртына маринадты жағып, балықтың айналасына туралған пиязды, қызанақ пен болгар бұрышын салып, фольганы ораймыз.
  7. Осылайша оралған балықты 200 градусқа қыздырылған пеште 30 минуттай пісіреміз. Жарты сағат өткеннен кейін фольганы ашып, балықты пешке қайта саламыз да, тағы да 10 минуттай пісіреміз.
  8. Дайын балықты тәрелкеге салып, аскөкпен, лимонмен әсемдеп дастарханға тарта беруге болады.

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Мексикандық әдіспен дайындалған ЭНЧИЛАДА


Тауық етінен дайындалатын ең дәмді тағам