Түріктің сақина тәріздес нандарына ұқсайтын бұл бауырсақ-нанды жасау өте оңай. Дәмі де керемет шығары сөзсіз. Ендеше балаларыңызға ерекше әрі дәмі тіл үйіретін бауырсақ-нандарды жасап беріңіз.
Қажетті қоспалар:
- 200 гр. сүзбе
- 70 гр. ұн
- 1 дана жұмыртқа
- ½ шай қасық қамыр қопсытқыш
- Дәміне қарай тұз, дәмдеуіштер қосуға болады.
Дайындалуы:
- Табаққа барлық қоспаларды салып, жақсылап араластырамыз. Қамыр өте жұмсақ болып шығуы керек.
- Табаға пергамент қағазын салып дайындап аламыз. Содан соң қолымызды майлаймыз немесе ұн жағып аламыз да, бауырсақ-нандарды жасай бастаймыз. Әуелі шұжық сияқты ұзынша қамыр жасап алып, сосын екі шетін біріктірсеңіз де болады.
- Дөңгелек бауырсақ-нандарды табаға салып, бетіне жұмыртқаның сары уызын жағып, мак немесе күнжіт себелеңіз.
- Пешті 180 градусқа қойып қыздырып, 20-30 минут бауырсақ-нандарды пісіріп аласыз.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Барлық пирогқа қолдануға болатын ӘМБЕБАП қамыр