​Картоп пен баялдыдан жасалатын грузин тағамы

0
1 774

Көкөністер қосып дайындалатын дәмді әрі пайдалы тағам!


​Картоп пен баялдыдан жасалатын грузин тағамы


Қажетті қоспалар:

  • 1,5 кг баялды
  • 800 гр. картоп
  • 2 дана болгар бұрышы
  • 2 дана пияз
  • 2 дана ащы бұрыш
  • 500 гр. қызанақ
  • 2 тіс сарымсақ
  • 0,5 бума кориандр
  • 0,5 бума ақжелкен
  • 0,5 бума аскөк
  • 0,5 бума насыбайгүл


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен баялдыны тазалап жуып, дөңгелек қалыпта тураймыз.
  2. Туралған баялдыға салқын су құйып, тұз саламыз да, ауыр затпен бастырып қоямыз. 20-30 минутта баялдының ащы дәмі кетеді.
  3. Картоптың қабығын аршып, екі-үш бөлікке бөлеміз де, орташа отта қайнатамыз.
  4. Ал, дайын болған баялдының суын төгіп, жақсылап суын сорғыту керек.
  5. Табаны отқа қойып, май құйып қыздырамыз. Сөйтіп ең алдымен баялдыны салып қуыру керек.
  6. Енді пиязды, болгар бұрышы мен ащы қызыл бұрышты турап аламыз.
  7. Баялдылардың барлығын бірден қуыру мүмкін болмаса, екі бөліп қуырып алуға болады.
  8. Қуырылған баялдыларды дуршлагқа салып майын сорғытуды ұмытпаймыз.
  9. Қайнаған картопты сүзіп алып, суытып қоясыз. Ал, қызанақты үккіштен өткізіп алу керек. Сонда қызанақтың тек қабығы қалады.
  10. Енді картоптарды текшелеп турап, баялды қуырылған майға салып қуырамыз.
  11. Сосын картопты да сүзіп алып, пияз бен болгар бұрышын қуырамыз. Қуырылған көкөністерге картоп баялдыны қайта салып, бетіне үккіштен өткізілген қызанақты салыңыз. Томат салып, азырақ қайнаған су құйыңыз да, бетін жауып бұқтырыңыз.
  12. Аскөк пен сарымсақты турап, қосылатын дәмдеуіштерді де майдалап турап аласыз. Соңында тағамның бетіне туралған сарымсақ пен аскөкті, дәмдеуіштерді саламыз. Тағы да 5 минут бұқтырып дастарханға ұсына беруге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ерекше ПИЦЦАЛАР мәзірі


Сүзбе мен какаодан ТОРТ