Қазақша САЛАТ: қарыннан да дәмді тағам жасап көріңіз

0
957


Қазақша САЛАТ: қарыннан да дәмді тағам жасап көріңіз

Қажетті қоспалар:

  • Қарын (піскен) - 500 гр
  • Сәбіз - орташа 1 дана
  • Жартылай ащы бұрыш - 0,5 қызыл, 0,5 жасыл
  • Көк пияз - 0,5 бума (тек жасыл жағын қосасыз)
  • Кинза - 0,5 бума (1 бума)
  • Сарымсақ - 2-3 тіс
  • Тұз - 1 ас қасық
  • Паприка - 1 ас қасық
  • Қара бұрыш - 0,5 ас қасық
  • Кориандр - 0,5 ас қасық
  • Соя соусы - 2 ас қасық
  • Соя уксусы - 1 ас қасық
  • Өсімдік майы - 3 ас қасық.


Дайындалуы:

  1. Ең алдымен қарынды жақсылап тазалап жуып аламыз. Содан соң ұзыншалап тураймыз.
  2. Сәбіздің қабығын аршып, жұқалап алып, оны да сопақша қалыпта турауымыз керек.
  3. Ащы бұрыштардың дәндерін тазартып, салатты ашатындай етіп, қиғаштап тураймыз. Сарымсақты аршып, оны да өте майдалап тураймыз. Көк пияз бен кинзаны да алдын ала майдалап турап алу керек.
  4. Енді салатты бір табаққа салып араластыру ғана қалды. Ол үшін қарын мен барлық көкөністерді табаққа салып, дәмдеуіштерді қосып, 1 ас қасық соя сусын құямыз да, 3 ас қасық майды отқа қыздырып, оны да құйып жібереміз. Барлығын бір араластырып алып, тағы да 1 ас қасық соя соусын құйып, көк пияз бен кинзаны салып, жақсылап араластырамыз. Сонда біздің қарын салатымыз да дайын болады.

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Тұшпараны микротолқынды пеште де пісіруге болады