​Қолжетімді қоспалармен дайындалатын торт

0
3 357

Бұл тортқа қымбат қоспаларды қосудың қажеті жоқ.


​Қолжетімді қоспалармен дайындалатын торт

Торт пісіру үшін кем дегенде 5-6 мың теңге қажет екенін білесіз ғой. Бірақ бүгін біз өте қолжетімді торт мәзірін ұсынбақпыз.


Қажетті қоспалар:

  • 1 дана жұмыртқа
  • 1 стақан қант
  • 1 стақан ұн
  • 1 стақан айран
  • 1 шай қасық ас содасы
  • 40 мл өсімдік майы
  • 2 ас қасық какао
  • 300 гр. қайнатылған сгущенка
  • 300 гр. қаймақ.


Дайындалу тәсілі:

  1. Тортты дайындау үшін бір дана жұмыртқа мен қантты жақсылап араластырамыз. Содан соң 1 стақан айранға 1 шай қасық ас содасын салып, көпіршігеннен кейін жұмыртқа мен қант араласпасына қосамыз.
  2. Ұн мен какаоны араластырып, оны да сұйық қоспаларға саламыз. Өсімдік майын құйып, барлығын жақсылап араластыру керек.
  3. Дайын болған сұйық қамырды формаға құйып, 180 градусқа қыздырылған пеште пісіріп аламыз.
  4. Торттың арасына жағатын кремді дайындайық. Ол үшін қаймақ пен қойылтылған сүтті араластырсақ болғаны. Піскен коржды бірдей үш бөлікке бөліп, арасына крем жағамыз. Торттың сыртына да крем жағып, жан-жағына піскен коржды ұнтақтап, бетіне себелейміз.

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ


Картоп езбесі қосылған тойымды құймақ


Шайға арналған тәтті күлше