​КҮНДЕЛІКТІ ішуге ұсынылатын жеміс КОМПОТТАРЫ

0
2 717


​КҮНДЕЛІКТІ ішуге ұсынылатын жеміс КОМПОТТАРЫ

Компот - шөлді басатын, табиғи жеміс-жидектерден дайындалатын керемет сусын. Компотты барлық адам сүйсініп ішіп, рахаттана алады. Егер сіз әлі нәрсу қайнатпаған болсаңыз, біз дайындаған мәзірмен әзірлесеңіз болады.


Алма мен жүзім КОМПОТЫ

Қажетті қоспалар:

  • 6 дана қара өрік
  • 2 дана алма
  • 1 шақ жүзім
  • 300-350 гр. қант
  • 2 л су.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен жемістерді тазалап жуып аласыз. Ал суды кастрөлге құйып қайнату керек.
  2. Қара өріктің сүйегін алып тастап, алманы турап, дәндерінен тазартасыз. Жүзімді сабағынан жұлып тастаңыз.
  3. Кастрөлдегі қайнап тұрған суға жемістерді, қантты салып, 5-10 минут қайнату керек. Мұндай компотты кешкілік уақытта қайнатқан дұрыс. Кастрөлдің бетін жауып, отын өшіріп, түні бойы қойып қойыңыз. Таңертең нәрсу дайын болады.


Кептірілген жемістерден дайындалған компот



Қажетті қоспалар:

  • 100 гр. кептірілген өрік
  • 100 гр. кептірілген қара өрік
  • 100 гр. мейіз
  • 100 гр. кептірілген алма
  • 150 гр. қант
  • 0,5 дана лимон
  • 100 гр. таңқурай
  • 1,5 л су.

Дайындалу тәсілі:

  1. Кептірілген жемістерді бір табаққа салып, қайнаған су құямыз. 1-2 минут осы суда ұстау керек.
  2. Содан соң жуылған жемістерді кастрөлге саласыз. Лиимонды тілімдеп турап, қантпен бірге салып жіберіңіз.
  3. Сосын қайнаған су құйып, отқа қойып 20-25 минут қайнатасыз. Қайнату барысында отты жай қойып, кастрөлдің қақпағын жауып қойған дұрыс.
  4. Кептірілген жемістерден дайындалатын компотты да түнгі уақытқа қалдырған дұрыс. Сонда нәрсудың дәмі кіріп, нәрлене түседі.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Картоп пен баялдыдан жасалатын грузин тағамы


Ерекше ПИЦЦАЛАР мәзірі