​Қызылшадан дайындалған котлеттер

0
1 020

Котлетті қызылшадан да жасауға болады.


​Қызылшадан дайындалған котлеттер


Қажетті қоспалар:

  • 300 гр. қызылша
  • 2 ас қасық ұнтақ жармасы
  • 1 ас қасық қаймақ
  • 1 дана жұмыртқа, дәмдеуіштер


Дайындалу тәсілі:

Котлет дайындау үшін қызылшаны алдымен қайнатып, пісіріп алу керек. Содан соң піскен қызылшаны үккіштен өткізіп, қажетті қоспалардың барлығын осы қызылша салынған табаққа салып, араластырасыз.

Дайын массадан котлеттер жасайсыз. Содан соң котлеттерді ұнтақ жармасына (манная крупа) аунатып аласыз. Осыдан кейін ғана котлеттерді пісіре беруге болады.

Котлеттердің екі жағын да қызартып пісіріп, қағаз майлық салынған тәрелкеге салып аласыз. Котлеттің қасына өзіңізге ұнайтын гарнир түрін дайындап, дастарханға ұсыныңыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Картоп пен көк пияз қосылған пісірме