Мантықазанда пісірілетін өте дәмді БҰҚТЫРМА

0
1 767


Мантықазанда пісірілетін өте дәмді БҰҚТЫРМА

Өте дәмді әрі ерекше бұқтырма тағамын сыйлы қонақтар келгенде дайындасаңыз болады. Бұл тағамды мантықазанға салып қойып, дастарханыңызды жайната бересіз. Үйіңізге келген қонақтар шексіз риза болары сөзсіз.


Қажетті қоспалар:

  • Мантықазан суына:
  • Сүйекті ет
  • 1 дана пияз
  • 1 дана сәбіз
  • Зира, тұз,
  • Мантықазанның 1-ші табағына:
  • 1-2 кг ет
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш, зира
  • Өсімдік майы
  • Мантықазанның 2-ші табағына:
  • 1 кг картоп
  • 1-2 дана сәбіз
  • 1 дана пияз
  • Тұз, паприка
  • 2 дана болгар бұрышы
  • 3-4 дана қызанақ
  • Азырақ асқабақ
  • дәміне қарай тұз, паприка


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен етті ірілеп турап, көкөністердің қабығын аршып дайындап аламыз. Барлығын тазалап жуу керек.
  2. Содан соң мантықазанға су құйып, осы суға алдымен сүйектерді салып, бір қайнатып аламыз да, көбігін алып, дәмдеуіштерді қосамыз.
  3. Енді мантықазанның 1-ші қасқанына маринадталған етті саламыз. Сосын 2-ші қасқанға дәмдеуіштермен араласқан көкөністерді саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, содан кейін салған дұрыс.
  4. Енді бірінші етті, сосын көкөністер салынған қасқанды мантықазанның үстіне қойып, жай отта 2 сағаттай қайнатамыз.
  5. Дайын болған тағамды арнайы астауға рет-ретімен салып, әдемі қалпында дастарханға ұсына берсек болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ауызашар дастарханына арналған АССОРТИ кәуап



Бөлісу