Жаңа жыл, Жаңа бастама, Жаңа тағам!
Жаңа жылды тойламайын десек те осы бір уақытта мерекелік көңіл-күй іштей тыныштық бермейді. Сондықтан да болар қыз-келіншектер жағы ең болмағанда өз отбасы үшін арнайы дастархан жайып, дәмді-тәттілерді дайындайды. Осы орайда Жаңа жылға арнап «ШЫРША» салатын әзірлеуді ұсынамыз.
Қажетті қоспалар:
- 2 дана қияр
- 2 дана қызанақ
- 200 гр. ысталған тауық еті
- 4-5 дана жұмыртқа
- 150 гр. ірімшік
- 5-6 ас қасық консервіленген жүгері
- 4-5 ас қасық майонез
- Дәміне қарай тұз, бұрыш, аскөк.
Дайындалу тәсілі:
- Салатты дайындау үшін барлық қоспаларды текшелеп турап, бір табаққа саламыз.
- Дәміне қарай тұз, майонез қосып, жақсылап араластыру керек.
- Ал, аскөкті алдын-ала майдалап турап алыңыз. Содан соң әбден араласқан салатты тәрелкелерге бөліп салып, үшбұрышты етіп жасаймыз. Салаттың сырт көрінісі шыршаға ұқсауы керек.
- Енді осы үшбұрыш етіп жасалған қоспалардың бетіне аскөкті себелеп, оның үстінен майонезбен өрнек жасасақ болады. Ал, шыршаның ойыншықтары ретінде консервіленген горох немесе жүгері, анар жемісін қойып шығамыз.
- Мерекеде қонақтарға қуаныш сыйлайтын жаңа жылдық «Шырша» салаты да дайын болды!
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
ДӘМДІ ТАҒАМ: тауық етін сүтке бұқтырып пісіруге болады