Пергамент қағазында дайындалған ерекше тағам

0
485

Әр адамға жеке-жеке жеуге болатын ерекше тағамды пергамент қағазында дайындаймыз. Тағамға арналған қоспалардың барлығын пергамент қағазына суреттегідей қалыпта салып, пеште пісіріп алсақ болғаны.


Пергамент қағазында дайындалған ерекше тағам


Қажетті қоспалар:

  • 300 гр. картоп
  • 350 гр. тауық еті
  • 150 гр. қызанақ
  • 100 гр пияз
  • 2-3 т тс сарымсақ
  • 100 гр. қатты ірімшік
  • Карри дәмдеуіші, тұз, бұрыш
  • Ақжелкен қосуға да болады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен тауық етін орташа көлемде текшелеп турап аламыз. Тауық етін табаққа салып, қоя тұру керек.
  2. Енді сарымсақтың қабығын аршып, арнайы езгішпен еземіз немесе майдалап турауға да болады. Содан соң табақтағы етке қосып, тұз, бұрыш, карри дәмдеуішін қосып, жақсылап араластырамыз.
  3. Пияздың қабығын аршып, дөңгелектеп тураймыз. Қызанақты да дөңгелектеп турауға болады.
  4. Пешті 180 градусқа қойып қыздырып аламыз.
  5. Содан соң пергамент қағазын алып, 30х30 көлемде қырқып алу керек. Сосын пергамент қағазының екі басын кәмпиттің қағазындай бұрап, қайықша жасаймыз. Осы қағаз ыдысымызға тағамды салып пісіреміз.
  6. Картоптың қабығын аршып, жұқалап турау керек.
  7. Пергамент қағазынан жасалған қайықшамызға алдымен картопты салып, тұз себелейміз де, оның үстінен пиязды салып шығамыз. Пияздан соң тауық еті мен қызанақты саламыз. Тұз себелеуді ұмытпаймыз.
  8. Осылайша дайындалған тағамымызды табаға салып, пеште пісіреміз.
  9. 20-25 минуттан кейін табаны пештен шығарып, қатты ірімшікті үккіштен өткізіп жібереміз. Қайтадан табаны пешке салып, 15 минуттай пеште ұстаймыз. Осы уақыт аралығында тағамымыз да дайын болады. Ақжелкенді ұсақтап турап, тағамның бетіне себелеп, жей беруге болады.

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Бананнан дайындалған тәп-тәтті чизкейк