Пияз бен жұмыртқадан дәмді пирог

0
1 397


Пияз  бен жұмыртқадан дәмді пирог

Қажетті қоспалар:

  • 200 гр. сары май
  • 300 гр. ұн
  • 6 ас қасық қаймақ
  • 1 шай қасық ас содасы
  • 1 шай қасық сірке суы
  • 4 дана балқытылған ірімшік (плавленный сыр)
  • 6 дана пияз
  • 5 дана жұмыртқа (1 данасын бетіне жағамыз)
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш, аскөк қосылады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Үлкенірек табаққа ұн салып, мұздатқышқа қатырылған сары майды үккіштен өткізесіз. Сөйтіп ұн мен майды араластырып, үгітіп аласыз.
  2. Ортасын шұңқырлап, қаймақты құйыңыз. Сірке суына салынған ас содасы мен тұз қосып, барлығын араластырыңыз.
  3. Осылайша қамыр илеп, пакетке салыңыз да, 2 сағатқа тоңазытқышқа салып қойыңыз. Тіпті, кешке қарай илеп, қамырдың түні бойы тоңазытқышта тұрғаны жақсы.
  4. Салмасын дайындау үшін, пияздың қабығын аршып, жұқалап турап алу керек. Сосын табаға май құйып, пиязды қуырасыз. Тұз бен қара бұрыш қосуға болады. Артынша үккіштен өткізілген ірімшікті салып жіберіңіз.
  5. Жұмыртқаны табаққа жарып салып, майдалап туралған аскөкпен араластырып аласыз.
  6. Табадағы пияз бен ірімшік суыған соң жұмыртқаны құйып, тағы бір араластырып жіберіңіз.
  7. Қамырды тоңазытқыштан алып, екі бөлікке бөлесіз. Үлкенірек бөлігін форманың көлеміміен бірдей етіп жайыңыз. Сосын форманы майлап, қамырды салыңыз. Жан-жағының шығып тұрғаны дұрыс. Осы қамырға қуырманы жайып саласыз.
  8. Қамырдың екінші бөлігін жайып, салманың бетіне қойыңыз да, анйладыра қамырды бір-біріне жабыстырып шығыңыз.
  9. 160-180 градусқа қыздырылған пеште пирогты 20-25 минуттай пісіру керек. Пирог пісуіне 5 минуттай уақыт қалғанда бетіне жұмыртқа жағасыз. Содан соң пирогты дастарханға ұсына аласыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қарбыз бен жидектерден жасалған дәмді десерт

Бөлісу