Қазіргі хит торттардың бірі – сүзбе мен какао қосылған ТОРТ.
Қажетті өнімдер:
Қамырға:
- 3-4 стақан ұн
- ½ шай қасық қамыр қопсытқыш
- ½ стақан қант
- 2/3 стақан кокос ұнтағы
- 100 гр. сары май.
Салмасына:
- 450 гр. сүзбе
- 250 гр. қаймақ
- ½ стақан қант
- 2 шым-шым тұз
- 3 дана жұмыртқа
- 150 гр. кокос ұнтағы
- Шоколад жасауға:
- 100 гр. қара шоколад
- 80 мл кілегей
Дайындалу тәсілі:
- Табаққа ұн, қамыр қопсытқыш, қант пен кокос ұнтағын салып, жақсылап араластырамыз.
- Сары майды ерітіп, оны да қосып жібереміз. Осы дайын массаны табаға құйып, 180 градусқа қойып қыздырып, 10-15 минут пісіріп аламыз.
- Торттың енді ішіне салынатын салмасын дайындайық. Сүзбе, қаймақ пен қантты, тұз бен жұмыртқаны салып, миксермен араластырамыз. Біркелкі массаға айналғанша араластырып, соңында кокос ұнтағын қосып жібереміз.
- Осылайша дайындалған салманы 10 минут пісіріп алған корждың бетіне саламыз. Бетін тегістеуді ұмытпайық.
- Пешті 180 градусқа қайтадан қыздырып, салма салынған тортты салып, пісіреміз.
- Піскен тортты суытып қойып, кейіннен тортты тоңазытқышқа 3 сағатқа салып қою керек.
- Қара шоколадты ерітіп, кілегеймен араластырамыз. Содан соң торттың бетіне құйып, кокос ұнтағын себелеп, тағы да тоңазытқышқа салып қоясыз.
- Дәмді тортымыз дайын!
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Сүзбе мен лимон қосылған тәтті күлше