Лаваштан дәмді етіп түрлі тағамдар дайындауға болады. Әсіресе 5-10 минутта әзір болатын таңғы ас жасау өте ыңғайлы.
Лавашқа оралған шұжықша
Қажетті қоспалар:
- 1 дана лаваш
- 4 дана шұжықша (сосиска)
- 6 шай қасық кетчуп
- 6 шай қасық майонез
- 100 гр. ірімшік
- 1 ас қасық өсімдік майы.
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен лавашты шұжықшамен бірдей етіп ұзыншалап кесіп аламыз.
- Әрбір лавашқа майонез бен кетчуп жағып шығу керек. Бұл екі тұздықты алдын ала бірдей көлемде кесеге салып, араластырып алсаңыз да болады.
- Кетчуп пен майонез жағылған лаваштарға енді ірімшікті себелеп шығамыз.
- Содан соң лаваштың бір шетіне шұжықшаны салып, ораймыз.
- Әдемі орамаларды майға қуырып алсаңыз болғаны.
Жұмыртқа мен ірімшік қосылған таңғы ас
Қажетті қоспалар:
- 1-2 дана лаваш
- 4 дана жұмыртқа
- 0,5 бөлік болгар бұрышы
- 10 гр. аскөк
- 10 гр. кинза
- 10 гр. ақжелкен
- 1 ас қасық өсімдік майы
- 1 ас қасық ұнтақталған қара бұрыш
- Дәміне қарай тұз қосылады.
Дайындалу тәсілі:
- Болгар бұрышын майдалап әрі текшелеп тураймыз. Ірімшікті үккіштен өткізіп алу керек.
- Аскөктерді тазалап жуып, кептіріп, ұсақтап тураймыз. Көк пияз қосуға да болады.
- Лавашты дөңгелектеп кесіп аламыз. Оның бірі табаның диаметрімен бірдей болса, екіншісін одан үлкенірек етіп кескен дұрыс. Лаваш өте құрғақ болғандықтан, одан әрі кеуіп кетпес үшін барлық қоспаларды дайындап болғаннан кейін кескен дұрыс.
- Табаны жақсылап майлап, лаваштың үлкендеуін саламыз. Осы лаваштың бетіне 4 жұмыртқаны жарып салу керек. Жұмыртқаның бетіне тұз, бұрыш себелеуді ұмытпаймыз.
- Сосын ірімшікті салып, аскөкті, туралған болгар бұрышын себелеп, осы қалыпта отта ұстаймыз. 5 минуттан кейін екінші лавашпен бетін жауып, үлкен лаваштың артық жерімен жан-жағын жабу керек.
- Орташа отта лавашты 5 минуттай пісіреміз. Осы уақыт өткеннен кейін абайлап қана лаваштың екінші бетін аударып, бетіне қалған ірімшікті себелеп, тағы да 5 минуттай пісіреміз.
- Дайын таңғы асты ыдысқа салып, дастарханға ұсыныңыз.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Жемістерден дайындалатын жаздық ТОРТ