​Тауық етінен дайындалатын тойымды пирог

0
1 632

Күнделікті жаттанды тағамдарды дайындаудан шаршасаңыз, бүгін бір ерекше тағам әзірлеп көріңіз.


​Тауық етінен дайындалатын тойымды пирог

Қажетті қоспалар:

  • 1 зуала қатпарлы қамыр
  • 200 мл 20 пайыздық кілегей
  • 2 дана жұмыртқа
  • 150 гр. қатты ірімшік
  • 450 гр. тауық еті
  • 300 гр. саңырауқұлақ
  • 1 дана пияз
  • 1 тіс сарымсақ
  • Дәміне қарай аскөк, тұз, бұрыш қосылады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Пияздың қабығын аршып, жұқалап тураймыз. Табаға май құйып, пиязды қуырамыз. Қуырылған пиязға саңырауқұлақтарды салып, тұз қосып жақсылап қуыру керек.
  2. Қуырманы ыдысқа салып аламыз да, туралған тауық етін салып қуырамыз. Тауық етін қызартып қуырғаннан кейін оны да бір ыдысқа салып, қуырманы пиязбен араластырамыз.
  3. Сарымсақты майдалап турап, қуырмаға қосу керек.
  4. Қамырды жайып, бетіне салманы саламыз да, оның бетіне үкккіштен өткізілген ірімшікті себелейміз.
  5. Ал, тұздық үшін, жұмыртқа, кілегей, аскөктер мен тұз, бұрышты араластырып, пироктың бетіне құямыз. Содан соң 200 градусқа қыздырылған пешке салып, 30-40 минуттай пісіреміз. Дайын тағамды ыстықтай дастарханға ұсына беруге болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ДӘМДІ әрі тез дайындалатын ТҮРІК пиццасы