Әсіресе құдалық жасап, той-думан ұйымдастырғанда дастарханға не қоярын, оны қалай дайындайтынын білмей әуреленіп қалатын қыз-келіншектер көп. Осындайда бір ғана картоптан екі түрлі өте дәмді ассорти жасауды үйреніп алыңыз.
Қазақ өте қонақжай халықпыз ғой. Қай уақытта болмасын дастарханымыз жаюлы, етіміз асулы тұрады. Сіздерге көмек ретінде ассортиге қоюға болатын екі түрлі мәзірді ұсынбақпыз.
Картоптан жасалған шариктер
Қажетті қоспалар:
- 1 кг картоп
- Дәміне қарай тұз, бұрыш
- Қуыру үшін өсімдік майы
- Кептірілген нан ұнтағы
- Жұмыртқа
Дайындау тәсілі:
- Шариктерді жасау үшін ең алдымен картоптың қабығын аршып алып, суға салып қайнатамыз. Піскен соң арнайы езгішпен езіп, картоп езбесін жасаймыз.
- Осы дайын болған езбеге енді тұз, бұрыш, қалауыңызша дәмдеуіштер қосып, жақсылап араластырып алу керек.
- Содан соң дайын езбеден шариктер жасайсыз. Шариктерді алдымен жұмыртқаға , сосын кептірілген нан ұнтағына аунатып аласыз.
- Табаға май құйып қыздырып, шариктерді салып қуырыңыз. Ассортиге салуға арналған өте дәмді шариктер де дайын!
Ассорти-бөректер
Қажетті қоспалар:
- 1 кг картоп
- Тұз, бұрыш, аскөк
- 5 дана лаваш
Дайындау тәсілі:
- Ең алдымен картоптың қабығын аршып, суға салып қайнатып алу керек. Піскен картопты езіп, тұз, бұрыш, майдалап туралған аскөкпен араластырыңыз.
- Содан соң лавашты үшбұрышты етіп кесіп аласыз. Дайын езбені лаваштың бір шетіне қалауыңызша салып, жақсылап ораңыз. Лаваш ажырап кетпес үшін ұшына су немесе жұмыртқа жағуға болады.
- Осылайша дайындалған бөректерді қызып тұрған майға салып, қызарғанша қуырсаңыз болғаны. Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: