Тұмауратқанда қайнатпа сорпа ішкен пайдалы

0
4 203

Ыстық сорпа буын-буыныңды босатып, бойыңдағы суықты қуады.


Тұмауратқанда қайнатпа сорпа ішкен пайдалы

Күздің суық күндері басталғанда тұмаурататындар көп. Осындай кезде тауық және сиыр еттерінен дайындалған қайнатпа сорпаларды дайындап ішсеңіз, 1-2 күнде аурудан құлан таза айығып, бұрынғы өміріңізге қайта оралатын боласыз!


Тауық етінен дайындалған сорпа

Қажетті қоспалар:

  • 1 кг. тауық еті
  • 2-2,5 л су
  • 1 дана пияз
  • 1 дана сәбіз
  • Дәміне қарай тұз салынады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Тауық етін тазалап жуып, кастрөлге салыңыз. Су құйып, отқа қойыңыз. Егер сорпаның нәрлі әрі дәмді болғанын қаласаңыз, етті салқын суға салу керек.
  2. Содан соң сәбіз бен пияздың қабығын аршып, екіге бөліп, сорпаға саласыз.
  3. Көкөністерді салғаннан кейін сорпаны қайнатыңыз да, отты басып қойыңыз.
  4. Су қайнаған уақытта сорпаның көбігін алуды ұмытпаймыз. Осылайша сорпаны жай отта қайнатуды жалғастырасыз.
  5. Тауық сорпасын 1-1,5 сағаттай қайнатқан дұрыс. Бірақ та тауық сорпасына лавр жапырағы мен дәмдеуіштерді қоспаңыз. Егер қосатын болсаңыз, сорпаның дәмін құртып аласыз. Оның орнына тұз салған жеткілікті.
  6. Тауық сорпасы тап-таза болсын десеңіз, оны сүзгіштен бір өткізіп алуыңызға болады. Сорпаны ыдысқа құйып, қара бұрыш сеуіп, майдалап туралған аскөк салып ішіп алған дұрыс.


Сиыр етінен дайындалған қайнатпа


Қажетті қоспалар:

  • 600-700 гр. сүйекті сиыр еті
  • 1-2 дана сәбіз
  • 1 дана пияз
  • 7-10 дана ірі қара бұрыш
  • 5-7 дана хош иісті бұрыш
  • 1 ас қасық тұз
  • Дастарханға ұсынарда:
  • 1 дана жұмыртқа, аскөк, қара бұрыш қажет.

Дайындалу тәсілі:

  1. Етті салқын сумен жуып аламыз. Қазанға 2-3 л су құйып, етті саламыз да, отқа қоямыз. Отты барынша қосып, суды қайнатамыз.
  2. Су қайнаған су төгіп тастап, қазанға жаңадан таза су құямыз. Сөйтіп қазанды отқа қойып қайнатамыз.
  3. Су қайнаған кезде сорпаның бетіне көпіршіктер шығады, осы көпіршіктерді сүзіп алып тастаймыз. Сиыр етін осылайша 1 сағаттай қайнатамыз.
  4. Пияз бен сәбіздің қабығын аршып, ірі етіп турау керек.
  5. Сорпа 1 сағаттай қайнаған болса, туралған көкөністерді сала беруге болады.
  6. Көкөністермен бірге ірі қара бұрышты, хош иісті бұрышты салып, жай отта қайнатамыз. Сорпаны тағы да 50-60 минут қайнатамыз.
  7. Сорпадағы ет пен көкөністерді сүзіп алып, сорпаны да сүзгіштен өткіземіз. Дайын сорпаға өзіңіздің қалауыңызша күріш немесе қамыр салуыңызға болады. Егер қаламасаңыз, дәл осылай дастарханға ұсына беріңіз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Кептірілген өрік пен жаңғақ салынған тәтті пирог


МҰҒАЛІМДЕР мен ОҚУШЫЛАРҒА күзде КАКАО ішкен пайдалы