Әр күннің ҚАСИЕТі бар

0
2 026

Аптаның жеті күні де қасиетті


Әр күннің  ҚАСИЕТі бар

фото: triptonkosti.ru

Он сегіз мың ғаламның иесі Алла тағала Жер мен Аспанды және екеуінің арасындағы дүниені алты күнде жаратқаны мәлім. Бір аптада жеті күн болса, соның әрқайсысының өзіндік қадір-қасиеті бар. Соны таратып айтсақ:

ДҮЙСЕНБІ

Дүйсенбі сауда жасауға, сапарға шығуға қолайлы күн. Сауда-саттық оңынан келіп, сапар сәтті болады.
Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарымызға Жебірейіл періште арқылы Алладан алғаш хабар келген күн де осы күн.
Пайғамбарымызбен Мұхаммед (с.ғ.с) дүйсенбі дүниеге келіп және сол дүйсенбіде бақилық болған.
Хазірет Ибраһим Қағба құрылысына кірісіп, аяқтады.
Жаңа құрылыс бастағанның ісі оңынан келіп, жолы болады.
Тырнақ алғанның ақылы артып, зейінді, ұқыпты, істері өнегелі болады.

СЕЙСЕНБІ
Сейсенбіде Хауа Ана қайыз қанын көрген.
Қабыл бауыры Әбілді қанға бөктірген.
Ибраһим елі қасиетті Сиықтың ажалына жеткен.
Бұл күні тырнақ алуға болмайды, өкпе-реніш тууы мүмкін. Сәтсідіктердің сабақтасып кетуі де ғажап емес.
Сахабалар Алланың елшісінен: «Бұл қандай күн?» -деп сұрағанда, «Қанды күн», – деп жауап бергені сондықтан.

СӘРСЕНБІ
Сәрсенбі дұшпанға қарғыс тиген күн. Алланың елшісі мұны «Нахас күн» деп атаған.
Өте сәтті күн саналып, жолға шығуға, жаңа істерді қолға алуға болады.
Тырнақ, шаш алуға тыйым салынған, пейіл бұзылады делінеді.

фото: fond-rd.ru

БЕЙСЕНБІ
Бейсенбі Алланың елшісі «Жақсы күн» деп атапты, тілеген тілегің қабыл болып, Тәңірі сұрағаныңды беретін күн.
Бұл күні Мұса (ғ.с.) пайғамбар Мысырға келген.
Хазірет Жүсіп (ғ.с.) пайғамбардың атасы мен ағалары зынданнан шығып, қайта қауышқан.
Алланың елшісі Меккені дініміздің астанасы еткен.
Тырнақ пен шаш алдырғанның ауруы кетіп, күллі ауру-сырқауға шапағат-емі мол күн.

ЖҰМА
Жұма күні пайғамбарлар – Жүсіп (ғ.с.) Зылиқамен, Хазірет Мұса (ғ.с) Сапурамен, Мұхаммед (с.ғ.с) Хадиша және Айшамен, Әзірет Әлі Фатимамен некелесті.
Хазірет Адам Ата (ғ.с) жұмада жаратылып, тіршілік иелерін танып, жәнатқа кіріп, рахатын көрді.
Бұл күні тырнағы мен шашын алдырғанның бақ-дәулеті артып, молшылыққа кенеледі.
Мұсылман баласы дүниеден өтсе, иманы кәміл.
Түнде Жаратқанға жалбарынып, ғибадат жасаса, тілегі қабыл.
Аруақтарға құран бағыштап, садақа жасау сауап.

СЕНБІ
Сенбі – сейіл күні. Алты пайғамбарымыз – Нұх, Салық, Жүсіп, Мұса, Иса және Мұхаммед (с.ғ.с) аңшылыққа шығып, сейіл-серуен құрған.
Тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ жандардың бас қосып, емін-еркін бой жазатын күні.
Тырнақ алуға болмайды, жарақат алуы мүмкін.
Басқа нендей іске сәттілік тілесе де, талабы оңғарылады, жұмысы алға басады.

ЖЕКСЕНБІ
Жексенбі күні басталған құрылыс тез әрі сапалы бітеді.
Жеміс ағаштарын отырғызса, терең тамыр жаяды, қаулап өседі.
Христиандар үшін қасиетті күн болғанымен, мұсылманға ауырлау күн.
Бұл күні тырнақ алса, мал-мүлік азайып, дәулеттің берекесі қашады деген ырым бар.
Бабалардан бізге жеткен бір аманат осы. Ақиқатында, аптаның қайсы күнінде болсын, жан мен тәннің, мақсат пен ниеттің тазалығы сақталса, пенденің рухы өсіп, кемелдене түседі. Көрген күннің жаманы жоқ, қанағат пен шүкіршілік, сабыр мен тағат болса – дүниенің арты қайырлы.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ