1 аптада 5 келі салмақ жоғалтуға көмектеседі. Бірақ суды күніне 3 литрден кем ішуге болмайды.
Денедегі артық майды ерітетін аталмыш диета төмен көмірсулы тағамдардан тұрады. Алайда қолдануға болатын азық-түліктер мен көкөністер, жемістер түрі өте көп. Қантты қолдануға мүлде тыйым салынады. Сонда ғана қандағы инсулин мөлшері қалыпқа келіп, зат алмасу жақсарады.
Ең кереметі – артық салмақтан арылтатын қасиетке ие.
Мына талаптарды орындау маңызды:
- Күн сайын 3 литр су ішесіз;
- Ұйқыдан оянғаннан кейін 2 сағат өтпей таңғы ас ішу;
- Күніне 4 рет тамақтанасыз: таңғы ас – 6-9 аралығында, 11-14 арасында түскі ас, 15-16 бесін ас, ал, 17-20 сағат аралығында кешкі асты ішесіз.
Төменде көрсетілген ас мәзірі бойынша күнделікті тамақтану рационыңызды жасай аласыз:
Таңғы ас - 1 мөлшерлік (порция) ақуыздан (1-тізім) және 1 мөлшер жеміс-жидектер немесе көкөністерден (2-тізім) тұрады.
Түскі асқа - 1 мөлшер ақуыздандан (1-тізім), 1 мөлшер көкөністер мен жемістерден (2-тізім) және көмірсулардан (3-тізім) дайындалған тағамдар.
Бесін ас - 1 мөлшер ақуыздан (1-тізім), 1 мөлшер көкөністер мен жемістерден (2-тізім) және көмірсулардан (3-тізім) тұратын тағамдар.
Кешкі ас 1 мөлшер ақуыз бен көкөністерден, жемістерден құралған тағамдар мәзірі.
1-тізім. Ақуыздар
- 2 дана жұмыртқа (қалай дайындасаңыз да өз еркіңіз);
- 100 гр. майсыз сүзбе;
- 120 мл майсыз сүт, 120 мл майсыз йогурт + жарты мөлшер осы тізімдегі кез келген ақуыз тағамы.
- 110 гр. кез келген майсыз, қуырылмаған ет;
- 170 гр. қалауыңыздағы балық, теңіз өнімдері;
- 60 гр. майсыз ірімшік;
- 30 гр. кез келген жаңғақ.
2-тізім. Жемістер мен көкөністер
- 200 гр. жемістер (грейпфрут, апельсин, мандарин, алмұрт, кептірілген өрік, 1 тілім лимон, құлпынай, шие, 2 дана бүтіндей кез келген жеміс, 2 тілік орташа көлемдегі қауын).
- Картоп пен бұршақ тұқымдастар мен кез келген көкөністен дайындалған салат немесе бүтіндей бірнеше көкөніс жеуге де болады.
- 300 гр. буда піскен көкөністер. Картоп және асбұршақ, жүгеріні қолдануға болмайды;
- 150 гр. жүгері немесе жасыл бұршақ;
- 60 гр. кептірілген жемістер.
3-тізім. Көмірсулар
- 1 тілім тұтас дәнді, қара ұннан дайындалған нан.
- ¼ бөлік бөлішке немесе дөңгелек нан.
- Қызанақ тұздығы қосылған 3-4 ас қасық қайнатылған күріш, қарақұмық немесе макарон;
- 3-4 ас қасық картоп, асбұршақ, үрмебұршақ, жасымық немесе жүгері езбесі, болмаса 2 дана қайнатылған картоп;
- 1 дана қайнатылған орташа көлемдегі жүгері.
Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,
Тағы да оқыңыз:
БОТҚА ДИЕТАСЫ 7-10 келі артық салмақтан арылтады
Денедегі майды "ЕРІТЕТІН" 4 коктейль