​2 аптада 4 келіге арықтататын тұнба

0
891

Қарапайым тұнба артық салмақтан арылуға айтарлықтай септігін тигізіп, иммунитетіңізді көтеретін қасиетке ие.


​2 аптада 4 келіге арықтататын тұнба


Табиғи, таза өнімдерден қайнатпа дайындап, денсаулығыңызды нығайтып әрі сымбатыңызды өзгерте алсаңыз, керемет емес пе?! Егер фигураңызды көзтартарлықтай қалыпқа келтіріп, әдемілене түссеңіз, өзіңізге деген сенімділігіңіз де арта түседі. Ең бастысы осыны ұмытпау керек.

Дегенмен «ғажайыпқа» сеніп қалмаңыз. Өйткені тек тұнбаны ішу арқылы арықтау мүмкін емес. Бірақ ағзадағы артық сұйықтықтарды айдап шығарып, ісікті басып, алғашқы 1-2 күндері бір-екі келі салмақтан тез құтыласыз. Кейіннен салмақ тоқтап қалуы ғажап емес, өйткені майларды ыдырату оңай процесс дей алмаймыз. Сондықтан төзімділік танытып, тұнбаны күн сайын ішуді әдетке айналдырғаныңыз дұрыс.


Тұнбаны дайындау үшін сізге мына қоспалар қажет:

  • 1 шай қасық үккішткен өткізілген зімбір
  • 0,5 дана лимон
  • 1 бума ақжелкен
  • 2 дана даршын
  • 1 шай қасық алма сірке суы

Тұнбаны қалай дайындаймыз?

  1. Балғын зімбірді үккіштен өткізіп, дайындап аламыз.
  2. Лимонды ортасынан қақ бөліп, жартысының шырынын сығып алу керек. Қабығын үккіштен өткіземіз. Ал қалған жартысын турап, ақжелкенді майдалап тураймыз.
  3. Осы қоспалардың барлығын бір кастрөлге салып, алма сірке суы мен даршынды салу керек. Содан соң 2 л қайнаған су құйып, отқа қойып 2-3 минут қайнатамыз. Дайын қайнатпаның қақпағын жауып, толықтай суығанша қозғауға болмайды.
  4. Тұнбаны суыған соң тоңазытқышқа салып, 150 мл-ден ішесіз. Ішер алдында тұнбаны бір қозғап жіберуді ұмытпаңыз.
Осы тұнбаға қосылған әрбір қоспаның өзіндік пайдасы бар. Мысалы:


Лимон:

Ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады;

Ағзаны С дәрумен қанықтырады;

Қандағы қант мөлшерін түсіреді;

Тәбетті басады.

Ақжелкен:

Ісікті басып, ішектердегі шлактарды айдайды;

Қандағы қанттың азаюына септігін тигізеді.

Сірке суы:

Майды сіңіреді;

Ас қорытуды қалпына келтіреді;

Зат алмасуды жақсартады.

Даршын:

Тәбетті басып, қандағы қант мөлшерін төмендетеді.

Зат алмасудың жақсаруына септігін тигізеді.

Мұндағы әрбір қоспаның майды ыдыратуға, салмақты азайтуға тікелей әсер ететінін байқауға болады. Осы қоспалар сумен араласқаннан кейін оның құрамындағы нәрлі заттар ағзаға тез сіңеді.


Мынадай жағдайларда тұнбаны ішуге кеңес берілмейді:

Тұнбаның жақпағанын қалай білуге болады? Егер сіз тұнбаны ішкеннен кейін өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, онда сірке суын немесе лимонды азырақ қосып дайындап көрсеңіз болады. Бұл тұнба әлі де сіздің ағзаңызға жағымсыз әсер сыйласа, сұйықтықты ішпегеніңіз абзал.

Сонымен қатар, мына төмендегідей жағдайларда майды ыдырататын сусындарды мүлде ішуге болмайды:

Асқорыту жүйесі мен асқазанында қандай да бір проблемасы барларға;

Қант диабетіне шалдыққандарға. Осы ауру анықталған адамдарға міндетті түрде дәрігермен кеңесіп, содан кейін ғана ішіп көруге болады

Тұнба қоспаларына аллергия байқалған жағдайда сусынды ішпеңіз.


ЕСКЕРТУ: кез келген әдісті дәрігердің кеңесінсіз қолдануға болмайды!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Беттің ісінуіне бүйректің қатысы бар ма?