Арықтау үшін міндетті түрде дұрыс тамақтану керек. Егер ас мәзірін ретке келтіріп, пайдалы тағамдарды рационыңызға қоспайтын болсаңыз, арықтаймын деп армандамасаңыз да болады.
Ендеше жеті күнде жеті келі салмақтан арылғыңыз келсе, мына ас мәзірін дайындауыңызға тура келеді.
1-күн
Таңғы ас: сүтке піскен сұлы ботқасы, 1 шыны қантсыз шай.
Түскі ас: қайнатылған немесе бұқтырылған тауықтың төс еті, 100 гр. қайнатылған қарақұмық.
Бесін ас: алма, 1 стақан йогурт.
Кешкі ас: 2 дана жұмыртқа, сүт, көкөністер мен аскөк қосып дайындалған омлет.
2-күн
Таңғы ас:сүзбе мен қаймақтан дайындалған сырниктер, қантсыз бір шыны кофе.
Түскі ас: пеште піскен балық пен қайнатылған күріш.
Бесін ас: йогурт қосылған жеміс салаты.
Кешкі ас: қайнатылған жұмыртқа мен 1 дана апельсин,
3-күн
Таңғы ас: йогурт қосылған жеміс салаты, 1 стақан ряженка.
Түскі ас: буға піскен гүлді қырыққабат пен брокколи, қайнатылған сиыр еті.
Бесін ас: 1 дана алма, 1 стақан кефир.
Кешкі ас: қайнатылғана немесе бұқтырылған тауықтың төс еті, көкөніс салаты.
4-күн
Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, сүт, көкөністер мен аскөк қосып дайындалған омлет.
Түскі ас: көкөністерден дайындалған сорпа, пеште піскен тауықтың төс еті.
Бесін ас: йогурт қосылған жеміс салаты.
Кешкі ас: пеште піскен балық пен қайнатылған күріш.
5-күн
Таңғы ас: сүтке піскен сұлы ботқасы, 1 шыны қантсыз шай.
Түскі ас: қайнатылған сиыр еті, бұқтырылған қырыққабат пен қызанақ.
Бесін ас: қайнатылған жұмыртқа, 1 дана апельсин.
Кешкі ас: бал қосылған майсыз сүзбе.
6-күн
Таңғы ас: қантсыз ботқа мен кофе.
Түскі ас: фрикаделький қосылған сорпа.
Бесін ас: йогурт қосылған жеміс салаты.
Кешкі ас: сиыр еті қосылған сәбіз бен фасоль бұқтырмасы.
7-күн
Таңғы ас: сүтке піскен тары ботқасы мен қантсыз 1 шыны шай.
Түскі ас: көкөністерден дайындалған пісірме.
Бесін ас: 1 дана алма, 1 стақан йогурт.
Кешкі ас: қаймақ пен сүзбе қосылған сырниктер, 1 шыны қантсыз шай.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Бетті қалай арықтатуға болады?