Жаз айларының соңғы күндері де өтіп жатыр. Осы уақытты пайдаланып қалуға тырысыңыз. Жеміс-жидектерді молынан қосып, түрлі сусындар дайындап, ағзаны нәрлендіріп алғанға не жетсін?!
Анықтама үшін: ДТ - дұрыс тамақтану.
Тез арықтауға көмектесетін какао сусыны
Қажетті қоспалар:
- 400 гр. сүт
- 4 ас қасық какао
- 2 дана банан
Дайындаул тәсілі:
- Бананның қабығын аршып, турап алыңыз.
- Содын соң табаққа 4 ас қасық какао салып, аз-аздан сүт қосыңыз. Какаоны араластырып отыруды ұмытпаңыз. Венчикпен араластырсаңыз, ешқандай түйіршік қалмайды.
- Енді табақты отқа қойып, ысытамыз. Қайнатуға болмайды.
- Блендерге бананды салып, ыстық какаоны құясыз.
- Сосын сусынды барынша араластырып, дайын какаоны стақандарға құйыңыз. Блендерді 1 минут бойы араластырған дұрыс, сонда банан мен какао біркелкі араласады.
- Аталмыш сусынға қант қосудың қажеті жоқ. Бананның тәттілігі қанттың орнын басады деуге болады. Калориясы тым көп емес, ддиетада жүрген жандарға таптырмас сусын болмақ!
Банан мен кивиден дайындалған сусын
Қажетті қоспалар:
- 350 мл сүт
- 1 дана банан
- 2 дана киви
- 1 дана алма
- 1 ас қасық бал
Дайындалу тәсілі:
- Киви жемісінің қабығын аршып алыңыз да, жұқалап тураңыз.
- Бананның да қабығын аршып, турау керек.
- Алманы тазалап жуып, қабығын аршып, дәндерін алып тастайсыз. Сосын текшелеп тураңыз.
- Блендердің ыдысына туралған жемістерді салып, бал қосыңыз.
- Содан соң сүтті құйып, барлығы біркелкі массаға айналғанша араластырамыз. Осылайша дайындалған балғын смузиді стақандарға құйып іше беруге болады.
Айран мен жемістерден дайындалған смузи
Қажетті қоспалар:
- 400 мл айран
- 1 дана банан
- 200 гр. басқа да жемістер
Дайындалу тәсілі:
- Жеміс-жидектерді тазалап жуып алып, алдымен бананның қабығын аршып, турап аламыз.
- Кивидің де қабығын аршып, басқа да жемістерді тазалап аласыз.
- Блендерге бананды салып, жемістерді жайғастырып, араластырып аласыз. Айранды құйып, барлығын тағы бір араластырып, смузиді іше беруге болады.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Стюардессаларға арналған арнайы диета: 4 КҮНДЕ 6 келі салмақ кетеді